Автор: admin

Жәркен БӨДЕШҰЛЫ   «Қиянат! Не нәрсе сұлу болса, отап тастауға, не нәрсе биік болса, құлатып тастауға, не нәрсе аппақ болса, қаралап тастауға, не нәрсе сау-саламат болса, жаралап тастауға, не нәрсе адал болса, арамдап тастауға әуес жұмыр басты пенденің өз оңбағандықтарынан ақталар “ақиқаты” әрқашанда дайын» О. Бөкеев

Read More

Қазіргі таңда шетелдегі қазақ диаспорасының жағдайы, тағыдыры, өмір-тіршілігі, олардың тарихи отанына оралмандар болып келуі өте маңызды. 40-тан астам елдерде 4,5 млн. қазақ тұратындығы аян. 2002 жылғы кейбір есептер бойынша бес миллионның үстінде. Ең көбі, 1,5 миллиондай (кейбір бейресми пайымдамаларға қарағанда 2 миллионға да жетіп қалады) Қытайда тұрады. Басым көпшілігі өз бетімен емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған.

Read More

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ресейлік саясаткер Эдуард Лимоновтың «Қазақстанның солтүстік өңірін Ресейдің қарамағына қосып алу» туралы ұсынысына орай Мәскеуге қарсылық нотасын жолдайтынын хабарлады. Лимоновтың ресми тұлға емес екенін, оның пікірі Ресейдің көзқарасы болмайтынын айтқан Қазақстан ол сөзге байланысты Мәскеудің ресми пікірін білу үшін нота жазғанын айтады. Эдуард Лимонов бұған дейін Facebook-парақшасында девальвацияның Қазақстанға теріс ықпал етіп отырғанын айтып, Кремльге «бұл елдің солтүстік аймақтарын қосып алуды» ұсынған еді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Read More