Автор: admin

Біреулерді еңіреткен жоғалып, Біреулерді қуандырған молайып. Біреулердің ақ шалдырған самайын, Біреулердің әрлендірген маңайын. Біреулерге сорға біткен сора боп, Біреулерге зорға біткен таба боп. Біреулерге дауға біткен жала боп, Біреулерге жалға біткен нала боп. Біреулердің жүрегінде жайланлған, Біреулердің маңдайына майланған. Біреулердің таңдайына байланған, Біреулердің мансабіна сайланған. Біреулердің нәпісімен табысқан, Біреулердің көңілдесі жабысқан. Біреулердің махаббаты қауышқан, Біреулердің ата жауы алысқан. Біреулердің мылтығында оқталған, Біреулердің табанында тапталған. Біреулерде мәңгі бақи жоқ болған, Біреулерде мәңгі бақи көп болған. Біреулерді ұялтады өрлікпен, Біреулерді мұңайтады қорлықпен, Біреулерге құтаяды ұрлықпен, Біреулерді көтереді зорлықпен. Біреулерге намыс болып сезілген, Біреулерге қарғыс болып көрінген, Біерулерге тым обал боп желінген, Біреулерге…

Read More

Shejire DNA Сіздің шежіреңіз жайлы және арғы ата-бабаларыңыздың тарихы мен оның тарихи маңыздылығы жөніндегі ғажайып әлемді ашады. Мұрағаттар үнсіз қалғанда – ДНҚ сөйлейді! http://www.youtube.com/watch?v=78_1mqIFheU ДНҚ (ДезоксирибоНуклеин Қышқылы) — бұл біздің генетикалық мәліметтеріміздің жолсерігі және барлық ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ағзамыздың қан жасушасынан өзге барлық жасушасы біздің ДНҚ- көшірмесіне ие. Адам баласы ұрықтану кезінде әкесі мен анасынан ДНҚ алады. Біздің әрқайсымызда 23 хромосома бар. Оның әрбір жұбының бірі әкесінен екіншісі анасынан алынған. Бұл 23 хромосома ядролық ДНҚ ретінде де белгілі, себебі ол әрбір жасушаның ядросында (қанның қызыл жасушасынан өзге) жатады. 23-ші хромосома – бұл жыныстық хромосома. Анадан — әрқашанда Х-хромосома алынады. Ал, Әкеден…

Read More

 Тəуелсіздік жылдарында алаштанушы — тарихшылар Кеңес Нұрпейісовтің «Алаш Һəм Алашорда» (Алматы, 1995), Мəмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (Алматы, 1995) атты монографиялық зерттеулері, дəл осы тақырыпта 4 томдық жəне 3 томдық құжаттар мен материалдар жинақтары, сондай-ақ əдебиет шығармалары жарық көрді. Бұл еңбектер атына заты сай алаштың өзекті мəселелерін зерттеуге негіз болатын құнды шығармалар. Солардың ішінде Алаш əскерінің тарихы бар.

Read More