
Жалтақ қағандар отырған екен.
Әміршілері де біліксіз екен.
Жалтақ болған екен.Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,
Табғаш халқының алдауына сенгендігінен,
Арбауына көнгендігінен,
Інілі-ағаларының дауласқандығынан,
Бекті-халқының жауласқандығынан
Түркі халқы елдігін жойды.
Әміршілері де біліксіз екен.
Жалтақ болған екен.Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,
Табғаш халқының алдауына сенгендігінен,
Арбауына көнгендігінен,
Інілі-ағаларының дауласқандығынан,
Бекті-халқының жауласқандығынан
Түркі халқы елдігін жойды.
Қағандығынан айырылды;
Табғаш халқына бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды.
Түркі бектер түркі атын жоғалтып,
Табғаш бектердің табғаш атын
тұтынып,
Табғаш қағанына бағынды,
Елу жыл ісін-күшін берді.
Күллі түркі халқы былай десті:
«Елді халық едім,
Елім қазір қайда?
Кімге ел-жұрт іздермін?» – десті.
«Қағанды халық едім,
Қағаным қайда,
Қандай қағанға күш-қуатым
Берермін?» – десті.
Осылай деп табғаш
Халқына жау болды.
«Күлтегін», «Тоныкөк» жырларынан үзінді


