Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ресейлік саясаткер Эдуард Лимоновтың «Қазақстанның солтүстік өңірін Ресейдің қарамағына қосып алу» туралы ұсынысына орай Мәскеуге қарсылық нотасын жолдайтынын хабарлады. Лимоновтың ресми тұлға емес екенін, оның пікірі Ресейдің көзқарасы болмайтынын айтқан Қазақстан ол сөзге байланысты Мәскеудің ресми пікірін білу үшін нота жазғанын айтады. Эдуард Лимонов бұған дейін Facebook-парақшасында девальвацияның Қазақстанға теріс ықпал етіп отырғанын айтып, Кремльге «бұл елдің солтүстік аймақтарын қосып алуды» ұсынған еді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Автор: admin
Ежелгі Қытай дәрігерлері қазақ тайпаларының әдісін қолданған Қазақтың медицина тарихында әлемге белгілі болғандары керейлер мен уақтардың медицинасы. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифигінде танымал суретші Бақтыбек Талқамбаев айтты. «Мен жақында Қытай кітапханасынан медицинаға қатысты кітап алдырттым. Кітаптың 1-ші бөлімі Қытайда, 2-ші бөлімі Италияда сақталыпты. Қызығы сол, бұл кітаптың ішінде қазақ тайпаларының медицинасы туралы жазылады. Мыңдаған жылдық медициналық тарихы бар Қытай емшілері «. . . керейлер мен уақтар осындай ем түрлерін қолданатын» деп сілтеме жасайды. Бұл дегеніміз керемет қой! Біз сырттағы осындай жазбаларамызды қазақ тіліне аударып, халыққа ұсынуымыз керек», — деді Б.Талқамбаев. Ғалымның айтуынша, психологтар шөппен…
Киевте және Украинаның басқа да қалаларында наразылық акциясына қатысушылары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері арасында қазаға әкелген қақтығыстардың ушығуын үлкен алаңдаушылықпен қабылдадық.

