Автор: admin

Суретте — Руза Бейсенбайтегі. Сурет «Азаттық» радиосынан алынды.Керекулік қоғам белсендісі, қазақ тілінің шырылдаған жанашыры Руза Бейсенбайтегі «Цесна» банктің павлодарлық бөлімшесін сотқа беріп, ақыры өзінің туған тілі жолындағы шайқаста жеңіп шықты. Расында, бұл сотты «шайқас» демеуге болмайды: өз жерінде өлімшінің күйін кешкен қазақ тілінің мүддесі үшін өткен бұл тартыс 10 айға созылған еді.

Read More

Galym Bokash Facebook парақшасынан алынған пост Егер Пекин олимпиадасында ана сахнадағы алып бес сақинаның біреуі ашылмай қалса, әрбір бес ұйымдастырушының бірі ертеңінде түрмеде оянар еді;) Сол үшін жанкешті қытайлар өрмелеп шықса да, бірдеңе қып әлгі сақинаны ашар еді. Ресейдегі бей-берекеттіктің бір «жақсысы» мұндайда жауапты адам, я ұйым ары кетсе, келесі тендерден қағылады;) Ал бас ұйымдастырушы президенттен бастап жұрттың бәрін «басынан задумка солай болған» деп сендіреді дегендей;)))

Read More

Біраз уақыт бұрын Ұлттық баспасөз клубында «Қазақтар. Тарих және мәдениет» атты қазақ өмірінің өткен шақ өрнектерін тұла бойына сыйдырған жаңа кітаптың тұсауы кесілді. «АБДИ» компаниясының баспа орталығы құрастырыпты. Дидар ғайып, осы компанияның президенті Әбдібек Бимендиев мырзамен жолығып қалдық. Ас, той-думанға тіккен бірер машинасын бұлдап, қазаққа көрсеткен «қызметі» үшін «жарқын бейнеге» айналған кәсіпкерлердей емес, бейтаныс. «Жап-жас жігіт екен ғой» дедік іштей.

Read More