Автор: admin

Серік Әбілұлы Қытай халық республикасының Шыңжаң өңіріндегі Алтай аймағы Үліңгір көлі бойында, Жетіарал деген жерде  дүние есігін ашқан. Шыңжаң Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, Шыңжаң партия мектебінің экономикалық басқару факультетін бітірген. «Дариға-ай», «Шолпан», «Самал» публицистикалық, «Күміс жебе», «Қобыз сарыны», «Аққу арман» жыр жинақтары, «Күн» атты балаларға арналған шалқыма, балладалар жинағының авторы. Жиырмадан астам әннің, алпыстан астам ән мәтінінің авторы.  Ақпанның 3-інде Алматыдағы Қазақ концерт залында Серік Әбілұлының «Әжемнің иісі» атты шығармашылық кеші өтпек. http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=oGA-LM52Gyk

Read More

Тоғызқұмалақ ойынынан Марал Баба Құрманұлы атындағы жыл сайын өткізілетін облыстық ашық турнир  Ұлттық спортымыздың ішінде жасөспірімдердің ойлау, есептеу қабілетін дамытуда тоғызқұмалақ ойынының атқаратын рөлі өте зор. «Марал Баба» қоры мен Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2013 жылғы 12-15 желтоқсан аралығында Қармақшы аудандық оқушылар үйінде Марал Баба Құрманұлы атындағы тоғызқұмалақ ойынынан облыстық турнир өткізілді.  

Read More

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бүгін Алматыда «Атажұрт» баспа орталығынан 2013 жылы  жарыққа шыққан кітаптардың тұсаукесерін жасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша  жарық көрген 8 кітаптың бірі Арғынбек Апашбайұлының «Жыр-ғұмыр»  деп аталатын өлеңдер жинағы. «Арғынбек Апашбайұлы  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Ақарал ауылында өткен ғасырда дүниеге келген. 10 жасында әкесі қайтыс болып, әкесін жоқтаған бала Арғынбек сол  кезден өлеңнің соңына ерген. Тақырыбы  —  тіршілік, дін, атамекен, ұлттық рух, азаматтық құндылықтар. Ең бастысы Шыңжаң қазақ әдебиетнің іргетасын көтерушілердің бірегейі деп айтсақ артық  емес», — дейді Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының  1-орынбасары  Талғат…

Read More