Baqitbek Bamishuly(Серік Әбілұлына)
Баркөл, Азау арасы бүтін жатқан ел еді,…
Жібектің жолын жалғаған жеңгелердің желегі.
Қарғостан қақпа ашылса жайылып төсім жайлаудай,
Идіріп таңның сәулесін Інімнің иісі келеді.
Ар жағынан Алтайдың кісінесең шұрқырап,
Алатаудың төрінде, сай сүйегім сырқырап.
Қымызындай күздіктің Ертістің суы еңкілдеп,
Зайсанға құйып жатады сағыныш иісі бұрқырып.
Көк төбеден көз тіксем Өліңгір көлі көрінер.
Көз алдымда жөнкиді көк шулан көкжал, бөрілер.
Көк орамал шетіне кестелеп атын ұсынған,
Мөлтілдеген сол жанар өлең болып өрілер.
Жалтылдаған дүние бірде шолақ, бірде кем,
Бірге туып қиын-ай, бір мекенде жүрмеген.
Сенің даусың жеткенде жер өмірден күлдірлеп,
Менің бауыр етімде сағынышым бүрлеген.
Ата салты, ақ тілек жойылған жоқ бар ғұрып,
Құдай өзі жаратқан қазағымды нар қылып.
Азаматың болсам деп алып ұшқан жүрегін,
Төрт жыл қоймас төреміз Сендей ұлды зар қылып.
Бауырыма байладым сағыныштың ауырын,
Маған сәлем айтты ма, анжақтағы ауылым?
Келші бері, Серікжан, құшағыма қысайын,
Әкем иісі келеді сені иіскесем, бауырым!
Әкем иісі келеді сені иіскесем, бауырым!
21.01.2014 ж, Алматы қаласы


