Ғалым Боқаш Facebook парақшасынан алынған пост Өткен сенбі Карловы Варыға арнайы барып Мұхтар Мағауин ақсақалмен әңгімелесіп қайттым. Қазақтың көзі тірі классик жазушысының дәл іргесінде тұрып айлап жүздесе алмай қалатыныма қынжылам. «Шыңғысхан» тарихи деректі романының үшінші кітабын жазып бітуге таяу екен. «Бестен бірі ғана қалды» деді. Абайдың қолжазбалары туралы, қыпшақтар мен Византияның қарым-қатынасы жайлы, Моғол империясы туралы әңгімелестік.
Автор: admin
(тарихи-этнографиялық пайым) Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады. Тектілердің тұяғы, Таңдайды құз-қияны.
Ғалым Боқаш Facebook парақшасынан алынған пост 1880 жылы АҚШ үкіметіне Оңтүстік Дакота штатынан «түсініксіз бір өсімдік» туралы арыз түседі. Іле-шала АҚШ-тың батысына ауа жайылып, жаулап бара жатқан «қорқынышты өсімдік» туралы арыз-шағым Вашингтонды басып қалады. «Құбыжық өсімдік орыстардың жіберген құпия қаруы екен» деген болжамдар да айтыла бастайды. Сол жылы ауылшаруашылық министрлігі тағайындаған арнайы өкіл Оңтүстік Дакота мен тағы бірнеше штатты аралап шығып, зерттеу жүргізеді. Соңында бұл өсімдіктің ешқандай қару емес екенін, Ресейден сатып әкелінген бір тұқымдармен ілесе келген Еуразия даласында кең тараған алабұта тұқымдас шөптесін өсімдік екенін анықтайды. Әлгі «құбыжық шөп» қазір АҚШ-тың шөлейттеу аймақтарына кең тарап, жерсінгені соншалықты кейбір штаттардың…

