Автор: admin

Сайын сахара төсінде ғұмыр кешірген сері халқымыздың бүкіл болмысы, бар тірлігі әнмен әдіптеліп, күймен көмкеріліп, жырмен жұрындалып, бимен бірігіп жатады. Бұрнада қазақтың қара көз ұл-қыздары сол «Қара жорғаны» билеп бұғанасы қатқан. Ежелдің ен заманынан бері ұлы жиын тойларда, дабыралы бас қосуда, сауық-сайранда «Қара жорғаны» кәрі-жас, үлкен-кіші бірдей билеген. Сондықтан да, «Қара жорға» биі белгілі бір жылдан басталды, белгілі бір уақытта аяқтайды деуге мүлде болмайды. Ол халықпен бірге туған, барлық замандарда біте қайнасып өмір кешіп келеді. Бүгін де өркен жаюда, болашақта да жалғасары сөзсіз.

Read More

Өткен жылы “Намыс” сайты Тәуелсіздік күні мерекесіне орай шығармашылық бәйге жариялаған болатын. Солардың ішінде төмендегі жазба биіктерден көрініп, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген еді. Сол себепті де бұл мақаланы осы жылы алдымыздағы мереке күніне орай қайта жариялауды жөн көріп отырмыз. Оқыңыз, жүрегіңізбен қабылдаңыз… 

Read More

«Президент Назарбаев қол қойған еңбек көші-қоны туралы заң шетелдегі қазақтардың келуіне кедергі» дейді оралмандар. Ал ресми өкіл заңның тиімді тұстары көп екенін айтады. Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Оралмандардың «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы Қайрат Байтолла – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның 10-ы күні қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға наразы репатрианттардың бірі.

Read More