Бөрілінің бүгіні мен ертеңі…
Өткен өмір жолын еске алсақ, талай оқиғаны бастан кешірген батыр халық секілдіміз. «Бейнет түбі-зейнет» — деген. Ащы-тұщының дәмін татып,қиыншылықтарды бастан өткізбей, сара жолда дымың құрып шөлдемей еш нәрсенің қиыншылығын білмейсін. Біз қазақ солардың бірсыпырасын көріп, бірталайын бастан кешіріп, кешегі тарихымызға қалың қып жаздық. Қанша дәуір тауқыметің көрсенде ең қасиетті қымбатты нәрсе бар. Бәлкім ол не дейсіздер: дінің мен тілің, ғұрпың мен салтын, тарихың мен мәдениетін, атан мен анаң, бабаң мен тегін. Өйткені оларсыз қызық өмірде, қазақ деген алып халықта болмайды. Түркі әлемі, қазақ даласы, отан аясы, ата мейірімі, баба аманаты, ана қамқорлығы, тарихи дәуіріміз жоқ болса, бүл күнге жетпеген болар едік. Қазақ бабамның тілегі-өзінің ұрпағына бейбіт өмір, ұлттық сана, рухани қазақы болмыс, шаттық, заман аясына жеткізу еді. Әрине бұл біздің бабаларымыздың жете алмаған асуына олардың бүгінгі бейбіт қазақ ұрпағы жетті. Яғни біздер жеттік. Бізді шаттық заман, бейбіт өмірге жеткізген ең басты алтын арқаудың бір тобы халқымыздың кешегі өткен дәуірдегі батыр бабалары еді. Олар талай қырғын, сұрапыл дауылдарды, ентелеген қаніпезер жауларды жеңіп, бүгінгі ұрпағына бейбіт сыйлауы, ұлт бірлігін, ел намысын кешегі бабалар өзі қорғады. Ел болып жұмыла, терін төккен, ел басына күн туғанда етегімен бәз кешіп, қамықпады, қайтпады, қажымады. Қазақ деген халықтың бабасы қандай екенін тарихқа жазды. Олар еліне аманат қалдырды. Ол бүгінгі — Қазақстан Республикасы. Ерлігіне ел қуанар ерлеріміз ғасырлар бойы кең дала, дархан төсін солтүстігімізде Ресей империясынан, шығысында Қытай, жоңғарлардан, оңтүстігінде Хиуа, Қоқандардан, батысы Қалмақ, ноғайлардан қорғап, басқыншыларын қуып шығып, ұрпағына алып даланы сыйлады. 86-ның айдарлы бетте тарихы, қақаған қысы аязы, қазаққа тәуелсіздік әкелді. Тағы онда кімдер… Қазақтың жалынды патриот, өскелен жастары. Қорықпас, қаймықпас ұлдары мен қыздары ерен ерлік танытты. Еліміз ел болып, дүние жүзіне жарияланды. Сөйтіп, Отанның белгілі шекарасын, қызыл сызықпен көрсетіп, бұны ешкімде де бұзуға құқығы жоқ дегенді заң мен бекітті. Бұл біздің үлкен табысымыз – жүздеген жылдар бойы еліміз байлығын сүліктей сорған КСРО-ның ішін күйдірді, қорқауын қоздырды. Бірақ, қазақ шыдады, төзді. Енді елдігін бекітіп, шекарасын белгілеп, заның жазып, халқын бір шаңырақ астына жиып, үлкен ел құрды. Отанымыз әлем елдерінің, Орта Азияның көшбасшысы елі болды. Мінеки биыл тәуелсіздігімізбен 22 жыл болды. Бүкіл салт-дәстүрім, ғұрпым, елдігім, азаттығым, діңім, тілім егемендікке жетті. Бәрі тіфә-тіфә тәубаға орай, оңалып келеді. Бір ғана мәселе өкінішті-ақ. Ол туған тіліміз. Еркін елде ана тілімізде,сөйлемей, қадірлемейміз. Ананың ақ сүтімен дарыған қазақ тілімізде сөйлеуге намыстанамыз ба, әлде… Түсінбеймін. Бізге не жетпейді. Батыр халқымыз қорғап қалған, алып еліміз бар. 16 млн тату-тәтті жұртымыз бар, 22 жыл жасап келе жатқан тәуелсіздігіміз бар, жалынды саналы тәрбиелі, сапалы білімді жастарымыз бар. Бізге не керек? Бәлкім ұлттық рух жетіспей ме? Ұлы А. Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» — деп айтып кеткен. Туған тілден безінуден артық қайғы-қасірет жоқ шығар бұл жаһанда. Ендеше оған жол бермеуіміз керек. Міне қуана шаттана, елім жайлы сөз бастап, тебіренгенде, тілім жайлы бұрмаланып, тамшы болып жас ақты. Отанымның бай тарихы, ол тек тілінде жатыр. Тілім, Елім, Отаным жасасын!!!
ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ Алтынбек
Алматы қаласы


