Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма екі жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Басынан талай қиындық, ауыртпалық жолын бастан өткізген қазақ халқының бұл күнге жеткеніне де жиырма екі жыл… Тәуелсіздік деген қасиетті де қастерлі ұғымды санамызға сіңіріп келе жатқанымызға да жиырма екі жыл… Меніңде осы тәуелсіздік пен бірге төл құрдас болып, ес кіргелі өсы сөзді естіп келе жатқаныма жиырма екі жыл… Жас қазақ халқы жиырма екіде…
Менің санамда тәуелсіздік деген тарихи шежіренің мұңды тарихы мен сорғалап қан аққан жолдарының естелігі жатыр. Бірақта мен тәуелсіздік әкелген батырлар мен желтоқсан оқиғасының майдангері емеспін. Мен батыр аға-апаларымыздың ізінен ерген бауырымын… сондықтан мен олардың ерлігін ешқашан ұмыта алмаймын, ұмытуға хақымда жоқ… Ал, қазақ қоғамы тәуелсіздіктің қадірін біле алып жүрме, әлде ол қоғам жалған патриоттылыққа бой ұрып, тәуелсіздік ұғымын, бабалар ерлігін ауызша айтуға ғана қашан да дайынба?…
«Ұмыту өткен тарихты, Болашақ үшін қауіпті» деген М.Әлімбаевтың ұлы сөзі бар. Сондықтан бүгінгі тәуелсіздік деп жүрген табысымыз «Мен Қазақпын» деген бабаларымыздың елім, ұлтым деп соққан асыл жүрегінен сорғалап аққан қан арқылы қолымызға жеткенін ұмытпағанымыз жөн. Әсіресе, он алтыншы желтоқсандағы тәуелсіздік оқиғасының тарихи тамыры мен тауқыметі кімді де болсын аландатпайтыны анық. Ал, біздің қазақ қоғамы сол тәуелсіздік құрбандарын қалай еске алып жатқаны мәлім-ақ дүние… Сол тәуелсіздік оқиғасының майдангерлері алаңда өткен зор қайғыға толы қасіретті күнді ешқашанда ұмытқан емес. Олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?!… сол тәуелсіздік күнінде аға-әпкелерімізідің талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей қазақ жастары қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды. Бірақ, олардың арман тілегі, сезімі жеңіс атты еңбектің қадамын басты. Тәуелсіздік құрбандары көрмеген егемендікті, біздер көрдік… Алайда тәуелсіздік деген сезімді әр адам өзінше қабылдап, өзінше пайымдайды. Әттен оларды, сол қанды оқиғалы желтоқсан қасіретінің, сол тәуелсіздік күрескерлерінінің орнына бірер сәт елестетіп көрсем, қалай болар еді. Ондай өжеттілік олардың бойынан табылар ма еді, табылмаста ма еді… Бәлкім, сол бір «тар жол тайғақ кешу» күндерде біз тұрсақ, Қайраттың, Ляззаттың жасағандай ерліктерін жасай аламыз дегеннен гөрі, мұндай ерліктен басқасы қолымыздан келер деп айтқанымыз жөн шығар.
Жарық өмір жолында аянбай күрескен батырларымыздың, ұлтшыл ерлердің, даңқын асқақтату, біздің міндетіміз деп алып, «Тәуелсіздік мерекесіне» нем құрайлықпен қарайтынымыз қалай?… Тек мереке жақындап, таяп қалғанда ес кіріп етек жеңімізді жия бастаймыз. Тәуелсіздік деген ұғымды он екі айдың бір айында ғана санамызға мереке қылып алатынымыз тағы бар. Тек желтоқсан айы басталысымен тәуелсіздік мерекесінің шаралары қолға алына бастайды. Оған дейін көрер көзіміз жұмулы, құлағымыз бітеулі. Әрбір өңірлердегі мәдениет басқармалары мен білім ошақтары елдің алды болып тәуелсіздік мерекесінің өз деңгейінде өтуіне жаппай атсалысады. Арнаулы мекемелер бірер апта қалғанда, істен кенже қалмай көппен бірге той қамына кіріседі. Ол аз десеңіз тәуелсіздік мерекесінен кейін тойланатын, батыстан келген «Рождество», біздіңше «Жаңа жыл» мейрамы, желтоқсан тумай дайындығын бастап кетеді. Тіпті бұл мереке бізге жат болса да, «ұлттық мерекенің» біріндей болып, сән салтанатының құратының қайтесін. Қазақтың қазыналы бәйтерегіндей болып, жасыл шыршаның безендірілген көрінісі қаланы көркіне шырай беріп, тәуелсіздіктің мерекесінен бүк түсіп тұрғаны. Әр аялдама сайын, әсіресе, тәуелсіздік науқанында орталық көшелерден орын теуіп, тіпті бірінен-бірі асып түсетін, қызылды-жасылды безендірілген, ұзынды- қысқалы шыршалардың «Мен мұндамын!» деп жар салғандай қасқайып тұрарын қайтесің… Десекте оған үйреніп, өзімізде әдетке айналдырған санамызды улаған мереке ғой. Қанша бас тартып тойламасақта, қыз бен жігіттей жұбы жазылмаған ғашықтар сияқты. Дегенмен әр нәрсені өз жөнімен, өз уақытымен жасағанымызда жөн шығар. Алдымен елдің, қазақ халқының тәуелсіздігін әкелген мерекені ұлттық санамызда сіңіріп, жыл он екі ай бойы тойласақ та артық етпейді. Тіпті болмағанның өзінде қараша- желтоқсан айын түгелімен тәуелсіздік мерекесінің күндері ретінде алып, іс- шараға ерте қолға ала бастасақ, тәуір-ақ іс болар еді.
Тәуелсіздік! Армандап, аңсап жеткен асыл мерекемізді осы жасыл шыршамен қарсы алатындай қазаққа не көрініпті. Осы «Рождество»! Не бізге армандаған, аңсаған тәуелсіздікті әкеліп пе еді, әлде атам заманнан қазақтың тойлап келе жатқан мейрамы ма еді? Өзіміздің жаңа жылымыз наурызды тіпті «Рождестводан» да керемет тойлап жатпағанымыз анық. Ендеше оян, қазақ!!! Ұлттық намыс қайда қалды? Егемен елміз дейміз, бірақ соны әлі де толық ұқпаған сынайлымыз. Біздің батыстың шыршасын құрметтеп, төрден әспеттейтініміз, ұлттық болмысымызға жат нәрсе. Тіпті айтарым, тойландар, бірақта сол шырша құрғырыңды, тәуелсіздік мейрамы тойланып біткен соң да жайнатып, безендіруіне болатын шығар!
Тәуелсіздік халықтың тойы, елдің тойы. Бүкіл Қазақстанда тұрып жатқан, ұлт пен ұлыстың, алты алаштың тойы. Осы тойдың жиырма екі жылғы уақытқа дейінгі мерзім кезеңінде қалай тойланып келе жатқаны менің көз алдымда анық суреттеліп тұр. Тіпті Тәуелсіздік мерекесіне қала дайындығының қазіргі жағдайын, яғни өз деңгейінде бола алмағаның көпшілік көзге іле бермейтіні мені қатты толғандырады. Неге мереке қарсаныңда егемендікті дәріптейтін кескіндер, болмаса қаптаған плакаттардың орнына уақытша болсын, тым болмаса мереке өтіп кеткенге дейін тұратын, қала тұрғындарына, әсіресе жаңа буын өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі болардай, мәңгі есте ұстап, патриоттық сезімін оятардай желтоқсан құрбандарын еске алу суреттерін неге іліп қоймасқа ?! бірақ біздер ондай дүниелерді қаланың орталық көшелерінен басқа жерлерінде көзге шала алмаймыз. Тіпті тәуелсіздік мерекесі қарсаныңда өзге жарнамаларды толығымен тоқтатып. Жарнама агенттіктеріне тәуелсіздік туралы плакаттар, жарнама парақшаларын жариялауды нұсқауға болатын шығар. Қараша-желтоқсан айында мектеп оқушылары мен ЖОО студенттеріне «тәуелсіздік тағылымы» атты бір айлық факультатив сабақтарын өткізуге болады. БАҚ тармен теледидарларымыз бір ай бойы тәуелсіздік туралы деректі фильдар мен құнды ғылыми зерттеу еңбектерді жариялап, көрсетіп отырсың. Сонда ғана біз Тәуелсіздік мерекесінің қадірін біле алаттын боламыз. Енді қашанғы өзекті болған осы тақырыбымызды газет журналға жариялай бергеннен гөрі, жоғары жаққа тәуелсіздік мейрамы туралы игілікті іс шараларға қатаң түрде қолға алу туралы ұсынысты жібергеніміз жөн шығар. Шырғаланға толы «Рождество» мерекесінің дайындығын, тәуелсіздік мерекесінен кейінгі өткізілуі туралы ұсыныс нұсқауды жоғарыдағы ел ағалары құптап алатын болса нұр үстінен нұр болар еді. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.Мырзахметов облыста тәуелсіздік күнінен бұрын шырша тікпеу туралы тапсырма бергені белгілі. Сонда әкімнің тапсырмасына қарсы шыққан халық қарасы көрінбеді. Дегенмен бұл жолы, оны қаймағы бұзылмаған қазақы өңір оңтүстіктің халқының кең пейілділігінің бір белгісі деп қарассақ, биылғы кенді шаһар, орыстары мен қазағы аралас-құралас Қарағанды облыс әкімінің тапсырмасы да елді елең еткізіп, керісінше бұл игілікті бастама істі қуанышпен орындауға ниет етті. Ендеше Оңтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының әкімдеріне ұлттық рухани құндылықтарды ерекше бағалағаны үшін басымызды исекте артық етпес. Қазақтың мұның, қазақтың рухын тек қана қазақ түсінетіні белгілі. Ендеше ауылдар мен қалалардағы аймақ басқарып отырған әкім-мырзалар келер жылдан бастап осы дәстүрді неге жалғастырмасқа. Ертең бәрі осылай жалғасар болса, «Рождество», «Хэллоуин», тіпті «Валентин» сынды сананы улаған жат мерекелерден алшақтай түсетініміз белгілі. Тәуелсіздік мерекесі мәселесінің шешілуін енді уақыт еншісіне қалдырайық. Бәлкім, мұны ойланып көруге де уақыт керек шығар… Тағыда бұл мәселе шешуін таппасы анық…
Ендеше өз ойымды тәжік ақыны Асқар Хакимның мына бір өлең жолдарым қорытындылайын:
Көз жасымды қорған ғып,
Жаза алмаспын бұл дертті.
Азаттықты арман ғып,
Арыстандай айбат шегер КҮН ЖЕТТІ.
Иә, біздің ұлттық рухани құндылықтарымызды ұмытпауға, тәуелсіздік мерекемізді жыл он екі ай тойлауға КҮН ЖЕТТІ, АҒАЙЫН!!!
Құмырзақұлы Алтынбек
Алматы қаласы,


