Айдос Жұқанұлы Битке өкпелеп тоныңызды итке тастамаңыз. Парламентте кімдер отырмайды. Билік те қолдың кірі. 5 жыл да бір Құдайдың сынағы шығар. Сондайлар отырмасын десеңіз, келіңіз. Біз Сізге зәруміз. Тәуелсіздікті алу оңай болғанымен, оны сақтау қиын болып барады. 1991 жылы келіп, 2001 жылы азаматтығын алған азаматтар бар. Олар ― ел не көрсе соны көріп, ыстығы мен суығына бірге тоңғандар. Қуанышы мен қайғысын бірге бөліскендер. Қытай десін, мейлі мАңғол десін, қайтесіз, мәңгүртпен бірге мәңгүрт боласыз ба?! Ондай лақап атты тек ресейден келгендерге ғана айта алмайды. Өйткені мәңгүрт орыс тілі арқылы осындай бишара жағдайға душар болған. Бірақ Сіз оны мүсіркемеңіз. Емдеңіз. Сіз антивируссыз.…
Автор: admin
Эссе Мен Баянғалимен өткен ғасырдың сексенiншi жылдары Қазақстан Жазушылар үйiнде танысқан едiм. Онда ол “Жұлдыз” журналының сын бөлiмiнде қызмет атқарады. Әлi тезге түсе қоймаған тентек кезi. Сөйлеген сөзiнен ұлттық әдебиеттiң төрт құбыласын түгел бiлетiнi көрiнiп тұр. Осы жiгiт кейiн келе көмейiнен қырғыздың “Манас” жырын төгiп-төгiп жiбередi деп ол кезде кiм ойлаған?!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізіліп, еш бір талас-тартыс, дау-дамайсыз-ақ Сенатқа жол тартқаны ел-жұрттың ерекше таңданысын, ашу-ызасы мен наразылығын тудырғандығы шындық. Егер аталған заң жобасы қабылданар болса, ең

