Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»БАРАК ОБАМА :«қарапайым емеурiнмен-ақ Роза Паркс 58 жыл бұрын Американы өзгертуге көмектестi»
Тарих

БАРАК ОБАМА :«қарапайым емеурiнмен-ақ Роза Паркс 58 жыл бұрын Американы өзгертуге көмектестi»

02/12/20130

БАРАК ОБАМА АВТОБУСТА РОЗА ПАРКСТЫ ЕСКЕ АЛДЫ....   БАРАК ОБАМА АВТОБУСТА РОЗА ПАРКСТЫ ЕСКЕ АЛДЫ....

      Кешегi 1 желтоқсан осыдан 58    жыл бұрын қара нәсiлдi  америкалық әйел Роза Паркс  автобусқа отырғанда жүргiзушнiң  талап етуiмен ақ нәсiлдi адамға    қасарыса орын бермегенi үшiн  айыпталған күн. Есте болса,    қарапайым ғана тiгiншi әйелдiң бұл  қылығы күллi америкаға қозғау  салып, ақыры Мартин Лютер Кинг     бастаған қара нәсiлдiлердi    кемсiтуге қарсы қозғалысқа    ұласты. Бұл күндi бәлкiм еске де  алмас ем, Барак Обама еске  түсiрдi. Ақш президентi өзiнiң  фейсбуктегi парақшасында  атаулы датаға мән бере «қарапайым емеурiнмен-Роза Паркс 58 жыл бұрын Американы    өзгертуге көмектестi» деген жазу  қалдырыпты. Ең ұтымдысы, жазбаны өзiнiң автобуста отырған  суретiмен салуды да ұмытпапты.

Ойды ой қозғайды. Менiң ойыма  бiрден 90-шы жылдарға дейiнгi  ҚазақССР-ы, Алматыдағы автобустар есiме түстi. Нақтырағы, қоғамдық көлiктегi менiң халқымның өкiлдерi. Күллi автобуста 4-5 қазақ отырып, өз ана тiлiнде сөйлесе, өзге тiлде сөйлегендер тарапынан кемсiтуге ұшыраған қор кездер. Содан берi, көөөөп уақыт өттi. Салыстыруым сәтсiз шықса айып етпеңiз. Бiзде де Роза Паркстар 90-шы жылдарға дейiн де кейiн де көп болған. Қазiр де көп. Мәселен, Жарылқап Қалыбай ұшақта тiлiмiздi даулады, экс-әкiм де ұшақта тiлдi айтып, әуебикенi тiптi, аяғымен нұқып қалды, Сәкен Майғазиев те әуежайда тiлге бола тiресiп қалды. Тиiсiнше, «шүкiр дейiк, қазақ мектептерi көптеп ашылып жатыр, көш жүре түзеледi» деген сияқты бiрсарынды тұрақты тiркестердi естуден жалықпай келемiз. Тiлдi тұғырға қондыру керек екенiн тiлмен тiлiп-тiлiп те түсiндiрiп көрдiк. Теуiп те түсiндiруге де талпындық. 22 жыл өттi. Сiздi қайдам, естiгенге емес, көргенге сүйенетiн журналистiк көзiм бүгiнде 22 жасқа келген, қалада туған қазақ баласының қазақша сөйлегенiн көрмеппiн. Бар болса да iлуде бiреу. Сонда да 22 жыл бұрын «көш жүре түзеледi» деген бiреулер 22 жылдан кейiн де «көш жүре түзеледiден» әлi танбай отыр. Оу, 22 жылда түзеле алмай келе жатқан не деген қисық көш едi бұл?!

…Батыл Роза Паркс 58 жыл бұрын құқын қорғапты. Елу жылда ел жаңа. Қара нәсiлдiлер кемсiтiлген Америкада елу жылдан кейiн қара нәсiлдi адам президент болды. Ендеше осыны ойласақ, бәлкiм тiлге қатысты 22 жылда түзелмеген көш ендi 50 жылдан кейiн түзелер?! Әлi 28 жыл бар екен. Алайда 2041 жылы Астанадағы мектептiң тарих пәнiнiң мұғалiмi: “Когда-то на заре независимости наши деды разговаривали на казахском языке” деп сабағын өтiп жатуы да мүмкiн. Тағы да жауыр болған «сабыр, тәубе, барға қанағат» сияқты паразит сөздердi алға тартайық. Қалай болғанда да, өзбасым қазақ тiлiнiң қазасын естiп, жаназасын шығарған буынның өкiлi болғым келмейдi.

Әуесбайдың Қанаты

Суретте: 58 жыл бұрын автобуста отырған Роза Паркс және қазiр автобуста отырған Барак Обама

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСерік Ерғали: «Қазақ тәуелсіздігі 25 қазандағы декларациядан бұрын, 29 тамызда Семей полигонын жабумен жария етілді.»
Next Article Байтұрсынұлы және Байқадам әліпбилерін салыстыра талдау

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.