Автор: admin

ҚР Парламенті Мәжілісінің сүзгісінен өткен еңбек көші-қоны туралы заң жобасы Парламент Сенатының елегінен өте алмады. Жоғарғы палатаның екінші оқылымында қызу талқыға түскен құжат Мәжіліске кері қайтарылды. Даудың басы отанына оралған қандастарға азаматтық беруден басталды. Заңдағы басты жаңалық – ата-жұртқа оралған ағайынға азаматтық бес жылға дейін берілмейді. Ал бүгінде Қазақстанның толыққанды мүшесі болуға ешқандай шектеу жоқ. Бірақ, ештен кеш жақсы деді ма, бүгін соңғы рет қаралып, Президентке жол тартуы тиіс жобаны сенаторлар бірауыздан қолдамады. Демографиялық ахуалды алға тартқан депутаттар жаңа жүйені орнататын уақыт емес деп қарсы шықты.

Read More

   Үндістан осы аптада Марсқа ғарыш кемесін ұшырды. Бірақ бұл Марсты зерттеп жатқан осы елдің ғарыш зерттеу орталығы үшін ғана маңызды оқиға емес. Үндістанның PSLV-C25 зымыран тасығышы орбитаға Марс зондын әкетіп барады. Үндістан, Шрихарикот ғарыш айлағы, 5 қараша 2013 жыл. Бұдан былай ғарышты АҚШ, Ресей және Еуропа Одағы (ЕО) игереді деген ұғым жойылды. Қазір керісінше, Азия елдерінің ғарышты игеруге деген құлшынысы байқалады. Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея тәрізді Азия елдерінің ғарышты игеру ісіне араласуы 20-ғасырдың ортасындағы Батыс елдерін еске салады.

Read More

kazinform.kz  Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Орталық Анатолия аймағындағы Ниде өлкесінде«Қазақстан күндерін» өткізді. Шаралар Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты халыққа жолдауында қойылған тапсырмаларды, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдықтары, сонымен бірге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға 2012 жылы қазанда жасаған сапарының қорытындысында берілген тапсырмалары негізінде өткізілді.

Read More