Әлмәмбет би Көшебенің Жауғашты атты баласынан тараған ұрпақ. Жауғаштыдан Әлмәмбет би Ұйпалақсофыұлына дейін бір-бір атадан ғана боп Жауғашты ұрпағы өспей келсе де, Әлмәмбет бидің жоғарыда есімдері аталған төрт әйелінен туған он үш баласынан едәуір ұрпақ тарап, олар бірте-бірте өсіп-өніп, көп ауыл боп, ХХ ғасырдың бас кезінде рулы елге айналыпты. Көшебенің бірнеше баласынан тараған ұрпақтар кейін Құрама Көшебе деп аталған, соның ішіндегі белді атаның бірі Әлмәмбет Керей екен.
Автор: admin
aikyn.kz Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: – Сырттан атамекеніне оралған қазақтардан Қазақстан еш жамандық көрген жоқ. Қайта елге ел қосылып, қарамыз көбейіп, құт болмаса… Ал мына жағдай бәрімізді ойландырып тастады. 5 жылға дейін азаматтық бермеу кімге қалай әсер ететінін білмеймін, маған ауыр тиді. Бұл – өте ұзақ мерзім. Өз атамекеніне келіп тұрып, азаматтық ала алмау адамға қай жағынан болса да кері әсер етеді. Қазаққа қазақты қарсы қою, бөліп тастау кімге керек бола қалды екен? Соны түсінбей отырмын. Керісінше сырттан келген қандастарымызға қолдан келгенше жағдай жасап, көмек беріп, азаматтығын әперу әлдеқайда тиімді еді. Одан ұтпасақ ұтылмаймыз. Қазақтың шұрайлы тілі де,…
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мейрамына орай Қазақстан халқына арнаған құттықтауы Қымбатты отандастар! Баршаңызды айтулы мереке — Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам — ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам — Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.

