Автор: admin

Біржан сал. Тарышы керейден шыққан, Нұралы әулетіне жатады. Осы күнге дейін оның өмірбаяны жөнінде тұшымды деректер жоқ. Есімі алты алашқа жайылған сал-сазгер, әнші, ақын Біржан сал Тұрлыбайұлы 1825 жылы туып 1897 жылы дүниеден озған. Біржан сал барлық әдебиеттерде, оқулықтарда, энциклопедиялық анықтамаларда оны Көкшетау жерінде туған деп көрсеткен. Оның аты да, әкесінің аты да І.Жақановтың «Жұлдыз» журналының 1982 жылғы №4 санында жарияланған «Аспандағы аққуға әнін қосқан» мақаласында Біржанның өмірбаянын әбден шатыстырған. Қазақстан энциклопедиясында былай деп жазылған: «Біржан Қожағұлұлы (1834-1897) қазіргі Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданына қарасты «Қожағұл құдығы» деген жерде, шаруа семьясында туған. Мырзатай Жолдасбекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек шығарған «Елтұтқа» атты…

Read More

Тұрсынбай батыр. Соңғы жылдары қазақ арасында батырлар мен билер­дің көбейіп кеткендігі жөнінде әңгіме тарауда. Кей­бі­реу­лер қазақ қолдан батыр, би жасап жүр деп ел ағаларын, жур­налистерді, тарихшыларды кінәлайды. Шын мәнінде ғы­лымда батыр, би ұғымдарының анықтамасы берілген жоқ. Қыр­ғын соғыста қалың қолды бастаған ер жүрек қолбасшы да батыр, азғана жылқысын барымташылардан қайтарған қайсар жігіт те батыр. Алқалы ортада ру аралық айтыстарда қара қылды қақ жарып, әділдігін шешіп берген данышпан да би, не­месе ауыл арасындағы көрші-көлемнің талас-тартысын шеш­кен адамды да қазақ би дейді. Сондықтан да та­ри­хымыз­да батырдың да, бидің де көп болғандығына таң қалуға бол­май­ды. Оларды іріктеп, топқа бөліп деңгейлерін анықтау ғы­лым­ның алдындағы…

Read More

Тоқсан би Жабайұлы (т.-ө.ж.б.) – шешен, би, әкесі Жабай Абылай ханның батырларының бірі болған, керей тайпасының басшысы. Тәтіқара ақын өзінің өлеңдерінде Жабай батырдың ерліктері туралы жырлаған. Тоқсан бидің жеке тұлға ретінде танылуына керей тайпасынан шыққан атасы Қара би көп ықпал еткен. Ол немересін шешендік өнерге баулыған. Тоқсан би бала кезінен атасымен бірге жүріп, атақты шешендермен, билермен кездескен және жиі ауызша сөз жарыстарға, сөз таластарға қатысқан. Жас кезінен өз тайпасының ақылшысы болып қана қоймай, әділ биі болған. 15 жасынан бастап халық оны Төбе би, солтүстік өңір қазақтарының бас биі деп атады. Алғашқыда Тоқсан би Ақмола округінің Еменәлі-Керей болысының биі, сосын Тобыл…

Read More