Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қандастарымызға азаматтықты бес жылдан кейін беруге келісесіз бе?
Қоғам

Қандастарымызға азаматтықты бес жылдан кейін беруге келісесіз бе?

14/10/20130
Қандастарымызға азаматтықты бес жылдан кейін беруге келісесіз бе?

aikyn.kz

Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Сырттан атамекеніне оралған қазақтардан Қазақстан еш жамандық көрген жоқ. Қайта елге ел қосылып, қарамыз көбейіп, құт болмаса… Ал мына жағдай бәрімізді ойландырып тастады. 5 жылға дейін азаматтық бермеу кімге қалай әсер ететінін білмеймін, маған ауыр тиді. Бұл – өте ұзақ мерзім. Өз атамекеніне келіп тұрып, азаматтық ала алмау адамға қай жағынан болса да кері әсер етеді. Қазаққа қазақты қарсы қою, бөліп тастау кімге керек бола қалды екен? Соны түсінбей отырмын. Керісінше сырттан келген қандастарымызға қолдан келгенше жағдай жасап, көмек беріп, азаматтығын әперу әлдеқайда тиімді еді. Одан ұтпасақ ұтылмаймыз. Қазақтың шұрайлы тілі де, ұмыта бастаған әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз де оралмандармен бірге оралар еді. Әлі де жағдай түзеледі деп сенемін, билікте «білікті, білімді, елім-жерім, ұлтым» дейтін азаматтар жеткілікті ғой. Бәлкім, заңды қайта қарайтын болар.

Әкім ЫСҚАҚ, қоғам қайраткері:

– Тәуелсіздік алған жылдардың басында Елбасымыз сауын айтып, жер шарына шашылып кеткен қандастарымызды өз отанына оралуға шақырып еді. Содан бері біраз жұрт атамекенге ат басын тіреп үлгерді. Азаматтығын алды, жергілікті халықпен иық тіресе, Қазақстанның көркеюіне өзіндік үлес қоса бастады.

Жалпы әлемде қандастарын шақырған үш ел бар: Германия, Израиль және Қазақстан. Ресей бұған былтыр қосылды. Путин орыстарды өз еліне шақыруда және барлық жағдайын жасауда. Дерекке сүйенсек, соңғы 6 айда Ресейге бұрынғыға қарағанда орыстардың оралуы күрт артқан. Бұл нені көрсетеді? Әрине Путиннің өз ұлтына қамқорлығы . Ал бізде ше? Бізде бұған дейін де Отанына оралған оралман азаматтығын алып, жұмысын тауып жүріп жатты. Тіпті өзге ұлт өкілдері басым, Павлодар , Петропавл жақтарда қазақтың қарасы көбейіп, жақсы болып қалып еді. Ал 5 жылдан кейін азаматтық беру әлемнің 44 мемлекетінде шашырап жатқан қандастарымыздың елге оралуына бөгет қою деген сөз. Азаматтығы жоқ азамат қанатсыз құспен тең. Ол еш нәрсеге дауыс бере алмайды, қажет кезде несие де ала алмайды. Бұл дұрыс емес. Рас, әлемнің бірқатар елдерінде көшіп келгендер 5 жыл тұрады. Сосын барып азаматтық береді. Бірақ елімізге келіп жатқан оралмандар өзге емес, өз қандастарымыз емес пе? Оларды елге шақырып алып, тағы бес жыл күттіргеніміз қалай болмақ?..

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, ақын, Мәдениет қайраткері:

– Оралман дегеніміз кім? Ол – 30 жылдарғы ойран, қуғын –сүргін кезінде амалсыз шет ауған қазақтар. Әрине одан да бұрын патшалық үкіметтің саясатымен келісе алмай сырт кеткен қандастар. Олар сыртта жүрсе де атамекенді ұмытпады. Өлмеді, өшпеді. Олар өздерін азат Қазақстанға келдік деп есептеді. Енді келіп оларға тосқауыл қою, азаматтық 5 жылдан кейін азаматтық беру, бұл қазақты құртуға ұмтылған кешегі голощекиндік саясаттың жалғасы десем, артық емес. Оралманға байланысты әлгіндегідей шешім қабылдау үкіметтің ұлттық ұстанымының қандай екенін көрсетті. Ендігі бар үміт күллі қазақтың иесі, Елбасымызда ғана қалып отыр. Ұлт көшбасшысы Президент дұрыс шешім қабылдап, бұл заңға вето қояр деп сенемін.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
Next Article Әлмәмбет би

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.