Әлмәмбет би Көшебенің Жауғашты атты баласынан тараған ұрпақ. Жауғаштыдан Әлмәмбет би Ұйпалақсофыұлына дейін бір-бір атадан ғана боп Жауғашты ұрпағы өспей келсе де, Әлмәмбет бидің жоғарыда есімдері аталған төрт әйелінен туған он үш баласынан едәуір ұрпақ тарап, олар бірте-бірте өсіп-өніп, көп ауыл боп, ХХ ғасырдың бас кезінде рулы елге айналыпты. Көшебенің бірнеше баласынан тараған ұрпақтар кейін Құрама Көшебе деп аталған, соның ішіндегі белді атаның бірі Әлмәмбет Керей екен.
Үй өзенінің Тобыл өзеніне құяр жерінде 1675 — қоян жылы дүниеге келіп, сол туған жерінде тоқсан төртке қараған жасында қайтыс болыпты. Ол Қожаберген жырау Толыбай Сыншыұлына (1663-1763 ж.ж.) шәкірт болып, одан үлгі-өнеге алған екен.
Әлмәмбет бидің Айбике бәйбішеден Айбас, Майбас, Таймас, Ақдәулет Қолаң бәйбішеден Байдәулет, Жандәулет, Бұзаубай, Өтебай, Сусар бәйбішеден Бостанбек, Қостанбек, Үсенбай, Сұлу шешейден Толыбай, Қарабатыр атты балалар туған.
Қаратай Биғожин


