Автор: admin

 «Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды тиімді орналастыру өңірлерін айқындауды, оралмандардың көшіп келу квотасын, квотаға енгізілгендер үшін төленетін ақшалай төлемді белгілеуді алып тастауды, Қазақстан азаматтығын тек Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бес жыл заңды негізде тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтарға беруді көздейтін этникалық көші-қон саласын реттейтін жаңа тәсілдерді әзірлеуде» .

Read More

Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.[1] Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді.…

Read More