Моңғолияны мекендеген қазақтар — дүние жүзі қазақ қауымының бір бөлігі. Абақ Керейден тараған Моңғолиядағы азғантай қазақ бұрынғы ұлы көшпенділердің бүгінгі тірі жалғасы және куәсі. Олар алғаш Алтайдың теріскей бетіне ауа көшіп, Моңғол жеріне қоныстана бастағалы міне 145-155 жылдың жүзі болды. Осылайша ат төбеліндей азғана қазақ малға жайлы, шөбі шүйгін, суы тұнық Қобда өлкесіне қоныс аударып, қазақтардың ұлттық аймағын құрып, шаңырақ көтерді. Осындай қарбалас заманда шаңырақ көтеріп, ұлттық аймақ орнату азғана қазақтарға әрине оңай болған жоқ. Міне бұған, біріншіден жаратқанның жәрдемі тиді десек, екіншіден аз қазаққа ұлан байтақ жер бөліп беріп, дербес ұлттық аймақ орнатуға зор қамқорлық көрсеткен Моңғол үкіметінің салиқалы…
Автор: admin
Бұл театр — режиссер Рүстем Есдәулеттің өзі жасатқан жоба еді, мың болғыр әкім Бердібек Сапарбаев оның көзі тірісінде бекітіп, құрылысын жүргізіп, қаржы тапшылығынан, бітіре алмай кеткен. Әкім бұл жаңа театрға Рүстем Есдәулеттің атын береміз деп, тамам елдің көзінше талай рет айтып еді. Асанәлі Әшімов екеумізді құрылыс басына апарып көрсетіп тұрып та солай деген. Обалы қане, Шығысқа келген бетте, краны қаңтарылып тұрған театр құрылысын қадағалап, облыстың ірі мәдени орталығына айналдыруда іскерлік көрсеткен жаңа әкім Даниал Ахметовке ризашылық білдірген дұрыс. Бірақ… әзірге аты берілмесе де қайран боздақтың бір арманы орындалды-ау, бес жыл өткенде!.. Ulugbek Yesdauletағамыздың facebook парақшасынан алынды
Астанада журналистермен кездескен Денис Тен «ендігі мақсаты – қазақ тілін үйрену» екенін мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz. «Мен қазақ тіліне қатты қызығамын. Сіздер білесіздер ме, жоқ па, білмеймін, бірақ мен қазақ балабақшасына барғанмын. Тіпті, таза қазақша сөйлегенім соншалық, тілдердің айырмашылығын сезбейтінмін. Бірақ, он жасымда мені Мәскеуге алып кетті де бәрі өзгерді… Мен Мәскеуде, әрине, орысша оқыдым. Қазір жадымда тек кейбір ауызекі сөздер ғана сақталған және қазақ тілін көп түсіне бермеймін. Сондықтан, қазіргі деңгейіммен қазақ тілінде сұхбат беріп, баспасөз мәлихаттарын өткізе алмаймын. Бірақ, бұл уақытша ғана», — деді ол. Денис ендігі зер салып, үйренетін тілі – қазақ тілі болатынын айтты. «Алдағы уақытта…

