Садуақасұлы Смағұл 1900 жылы, бұрыңғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған. 1933, Мәскеуде қайтыс болды. Ғалым,сыншы, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері. 1910 жылы «Ғалия» медресесін , 1915 жылы Павлодардардағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесін ,1932 жылы Мәскеу көлік инженерлері институтын бітірген. 1918-20 ж. «Центро-сибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет істеген. 1920 ж. Орынборда Қазақстандағы алғашқы Жастар ұйымының хатшысы, Қазақ Автономиялы респ
Автор: admin
Абай ОМАРОВ (коллаж) Елді аузына қаратқан Біржан-Сара айтысына мектепте бірсыдыртып қана тоқталғаннан болар, сөз сайысының, шындығында, өмірде болғандығына сенетінбіз. Жақында «Абай» журналының 1992 жылғы №3 нөмірін оқып отырып, Мұхтар Әуезовтің бұл айтыс үлгісін Абайдың ақын шәкірті Әріптің шығарғандығы туралы мақаласын оқып, таңғалдым. Не де болса, тарихи шындыққа көз жеткізбек мақсатта айтысты оқып шығып, ол туралы жазылған зерттеулерді ақтаруды жөн көрдім.
Биғожин Қаратай елге танымал фольклоршы-ғалым. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылында дүниеге келген. Текті атаның ұрпағы. Арғы түбі Дәулен батырдан басталатын Толыбай сыншы, оның жиырма ұлының үлкені Қарабас шешеннен тарап берісі атақты Шақшақ би, оның немересі Баһрамұлы Сегіз сері (Мұхаммед-Қанапия) әулетіне жалғасады. Сегіз серіден Мұсайын ақын, одан Нұрмұхаммед, одан Нұрғожа, Биғожа туса, Қаратай Сегіз серінің төртінші ұрпағы, яғни шөбересі. Қаратай 1955 жылы Баян орта мектебін жақсы бітіріп,Қызылжар қаласындағы техникумда экономист-бухгалтер мамандығын алады. Бір айта кетерлігі туа біткен дімкестігі бойындағы буырқанған талантын іске асыруға, жас кезінде де, өмір бойы да көп бөгет жасады. Техникумдық білімді қанағат тұтпаған…

