Автор: admin

Қазақтың арғы бергі тарихында ұлтқа қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған арыстар қаншама. Міне сол хандар мен билер, бертін келе алаш арыстары «қайтсек ел боламыз» деп «түн ұйықтамады, күндіз отырмады». Содан бері арада бірнеше ғасыр өтті. Бірақ алаш арыстарының «қайтсек ел боламыз?» деген жанайғайы алдымыздан кесе көлденеңдеп шыға береді. Рас, қазіргі таңда тәуелсіз мемлекет болып, өз тізгініміз өзімізге тиді. Әйтсе де әлі де бола «әттеген-айлардан» арыла алмай келеміз. Мысалы тіл, діл, дін мәселесі кез келген қазақты алаңдатады. Оған әу баста экономикалық интеграция болып басталған, қазіргі таңда саяси сипатқа ие бола бастаған бірқатар  ұйымдарды, одақтарды қосыңыз.Оның үстіне  «ұлттың жоғын жоқтап, кем кетігін…

Read More

ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ қоғамының мемлекеттік құрылымын жаңа, әрі өркениеттілік тұрғыда қалпына келтіруге тырысқан Алаш қайраткерлерінің ел ішінде сенім артқан әлеуметтік тірегі қазақ байлары болғаны талас тудырмайды. Алаш қозғалысының халық арасында кең таралуына, Алашорда автономиясы жарияланғаннан кейін жергілікті қазақ комитеттерінің берік орнығуына аталмыш әлеуметтік топ өкілдері өз септігін тигізді. Бұрынғы Ресей империясының территориясында патшалық билікті алмастырған атқарушы үкімет тарапынан мойындалмаған Алаш автономиясы қазақ қоғамының негізгі экономикалық тірегі саналған қазақ байларына арқа сүйеді. Жаңадан құрылған Ұлттық Алашорда автономиясының қаржылық және материалдық қажеттіліктері қазақ байлары тарапынан өтеліп отырды.

Read More

Батыры бар ел жаудан қорықпайды. Шешені бар ел даудан қорықпайды. Төресі бар ел ханнан қорықпайды.                    Жәнібек Бердәулетұлы. Жоңғармен соғыс аяқталып, қазақтың біріккен қосынының тарап, әр ру өз жүйесін күйттеп кеткен жағдайда, Алтай мен Сауырдың Ресей мен Қытайдың мемлекеттік саясатына тартылуына байланысты бұл өлкеде қоныстану үшін Жәнібек бастаған Абақ Керей қауымы бірқатар түйінді мәселелерді шешуі қажет болды.

Read More