Автор: admin

Алғы сөз   Жеті атасын білмеген — жетімдіктен, Тегін білмеген  —  тексіздіктен. Руын білу – міндет, руға бөліну – індет.   Әрбір саналы адамның өзінің ата-тегін білуге талпынуы заңды құбылыс, оның азаматтық борышы. Бұл бүкіл адамзат қауымына тән ортақ қасиет. Ата – бабасын жіктеп, жадында сақ- тау рушылдықтан арылмаған ұлттарға тән кертартпалық деген теріс ұғым бар. Ең бір озық, төрткүл әлемді аузына қаратқан ұлттардың ақсүйектерінің әрбір жанұясының мұрағатында ата- тегін, олардың істеген істерін тізіп жазған мәліметтер сақталады.

Read More

ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында, шамамен жарты ғасыр бойы қазақ қоғамының интеллектуалдық және саяси өміріне пәрменді әсер етіп, мәңгі өшпес із қалдырған тұлғалардың алдыңғы шебінде Әлихан Бөкейхан болды. Әлекеңнің ұлылығы сан алуан. Ол ұлтын отарлық қыспақтан құтқарудың жолын іздеді, оны Алаш автономиясы идеясынан тапты. Ол қазақты бәсекеге қабілетті халықтар шоғырынан көргісі келді, оның кілті білім мен ғылымда жатқанын уағыздаудан жалықпады. Ол туған халқының жасампаз әлеуеті қолданыссыз жатқанына қынжылды, бірақ бұла күштің, тұма қайнардың көзін ашатын қауым зиялылар деп түсінді.

Read More

Болашақта біздің қоғамдық өмірімізде шығыс көршіміздің үлкен рөл атқаруы әбден мүмкін екендігіне көз жұма алмаймыз. Қытай мемлекетінің әлемдік қауымдастығы ықпалы жылдан жылға арта түсуде. Олай болса, елімізбен шекаралас ең үлкен екі мемлекеттің бірі болып табылатын Қытай елінің тарихын, оның әсіресе Шығыс Түркістандағы ғасырлар бойы жүргізіп келе жатқан саясатын ғылыми талдауға алып, іргелі еңбектер жазу отандық тарих ғылымының міндеті болып табылады.

Read More