«Сіз сапалы өмір сүруге ынталандырудың орнына кедейшілікке итермелеп отырсыз, министр мырза? Көлемі 150 шаршы метрден асатын пәтерлер мен 300 шаршы метрден асатын жеке тұрғын үйлерге салынатын салық көлемі 3 есеге дейін өсуі мүмкін.Сондай-ақ «қанша ластасаң, сонша төлейсің» деген қағидамен 3-4 мың.текше.см көлемнен асатын көліктерге салынатын салық түрі де ұлғаймақшы. Салық кодексіне ұсынылатын түзетулердің сықпыты осындай. Алайда экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев әкеліп таныстырған жобаға Мәжіліс депутаттары ішінара қарсылық білдірді. Мысалы «Ақ жол» партиясының жетекшісі, Мәжілістегі партия фракциясының басшысы Азат Перуашев: «Салық кодексіне ұсынылатын түзетулер қазақстандықтардың өмір сүру сапасының әлсіреуіне әкеп соғады» деп ашық айтты.
Автор: admin
Қадірлі мемлекеттік тіл, жанашырлары! 1989 жылдың 22-қыркүйек күні қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген еді. Содан бері бұл күн «Тілдер күні» мерекесі ретінде аталып өтуде. Айтулы мерекенің аясында «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен жыл сайын «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өткізіліп келеді. Биыл алтыншы рет өткелі отырған бұл акцияға мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайына бей-жай қарамайтын Республиканың әрбір азаматы бізбен бірге болады деп сенеміз.
1. Мәжіліс депутаттарының Кенесары ханның басын қайтару туралы мәселе көтеріп жатқанын естіп, қуанып қалдық. Бүкіл қазақ жұрты сатқындықпен өлтірілген Кенесарының бас сүйегінің елге қайтарылуын үлкен үмітпен күтіп жүр.

