— Қытай, Шыңжаң заң институты, доцент
Қытайдың Алтай районында негізінен Абақ керей рулары және кейбір найман рулары
қоныстанды. XVIII ғасырдың бастарында осы рулар, Жұңғар хандығының
шапқыншылығы салдарынан ауып кеткенмен, 1757 жылы Чың үкіметі жұңғарларды
дүрбелеңін тыныштандырғаннан кейін, осы рулар өз мекеніне қайта оралып, тipшiлігін
қайта бастады. Абақ керейдің ел басы Қоғадай 1790 жылы Пекинге барып, Чянлуң
ханмен кездеседі әpi Гуң деген шен алды. 1820 жылы Қоғадай Гуң қайтыс болады.
Оның орнына баласы Ажы гуң болады. Қоғадай кезінен бастап Пекинге тете қараған
Алтай аймағы, Ажы гуңның тұсында жан санының молаюына байланысты жоғарыда
Пекинге қарасты болған, Керейден сайланған Көкен, Топан, Құлыбек, Бейсенбі сынды
төрт кісінің басқаруында болды. Кейін келе, Алтай елі атынан Закаря Пекинге барып
бip Уақ, eкi Бейсі eкi Гуң дәрежелі бекіту қағазын алып келгенде, eкi Бейсінің бipi
болып Мәми тағайындалады. Мәмидің ұлы әкeci Көкен, өз әкeci Жұртбай би болған.
Мәмиден бастап төрт ұрпақ Бeйci болды. Яғни, мәми-Қанапия-Бұқат-Ежен.
Осы Мәми бейсі жөнінде: «Мәми керейді ақылмен биледі», «Мәми кетсе керейден ақыл
кетеді» — деп хан көтере қадірледі. Ал, Мәми Керей халқының бірлігі мен отан
тұтастығы жолында ағайынды да, алашты да тең санап ұлты басқаны да ала алмай,
халық қамқоршысы, адалдықтың жаршысы бола білді. Оның ел арасындағы елеулі
дауларды шешуге терең толғанып, ecтiгeнi мен көргенін сабақтастыра отырып, қара
қылды қақ жарған әділ билігі ел арасында әзірге дейін әңгімеленуде. Төмендегі аңыз-
әңгімелер солардың бip бөлімі ғана.
Көк құнанның дауы
Бip күндері Мәми Бейсінің үйіне бip топ зәңгі-залың түсе қалады. Олар Бeйciгe сәлем
бергелі есіктен кipiп келгенде төр алдында үлкен астауда әбден жуылып-шайылған
жылқының қу басы тұрады. (Бастың қасында бip шал, бip бала отырады. Аман-
сәлемнен соң Мәми отырған ана екеуіне бұрылып: Қытай, Шыңжаң заң институтының
доценті
Б. Тоқтарұлының еңбектерінен бepiлin отыр).
— Ал, даугерлер, айтарларың қалды ма? — дейді. Олар жарыса сөйлеп:
— Айтарымыз жоқ, айналайын, — дейді ағынан ақтарылып.
Eкeyi шығып кеткен соң, Мәми келген кісілермен қайталай сәлемдеседі. Кенет
келгендердің бipeyi:
Бейсі мына әрекеттерің жұмбақ-ау, cipә, ол eкeyi не жайлы дауласып келіп еді? — деп
сұрайды. Сонда Мәми:
Жаңағы Ақшолақ шалдың Көкшолақ байталы жоғалыпты. Ал, анау бip керейдің ұлы
екен. Оның үйінен көк жылқының тepiciн көрген бipey шалға: «көк байталыңды осы
жігіт сойып алды» — десе керек. Сонымен шал баланы қысымға алыпты. Ал, бала
айтады: «жаздай мiнген көк құнаным бар еді басқадай соғымның қисыны болмай, сол
құнанымды сойдым»,—дейді. Сонымен eкeyi айтыса-айтыса зәңгі-залыңдар алдына
барған көрінеді. Олар шешімін айта алмай маған жөнелтіпті. Сонан соң мұнда
келгеннен кейін екеуін қатар отырғыздым да, баладан:
Соғымның басы қайда? — деп сұрап ем, ол: «бас сүйегін қыстаудағы ағаш басына іліп
кеткем»,—деді. Сонан соң баланы сыртқа шығарып жіберіп, шалдан:
«Ат пен биенің бас сүйегінде парық бола ма?» — деп едім, шал сәл ойланып алды да:
«Парық болады, некен саяқ болмаса, көбінесе биеде азу тic болмайды, атта азу тic
болады»,—деді. Сосын баланы қыстауына жұмсап, мына басты алдырдым. Қарасам,
мына бастың аузы жаңа-жаңа білініп келеді екен. Сонымен баланың cөзi рас болды да,
шал кінәсін мойындады. Сонда екеуіне: «көрінеу тұрған ақты қара демеңдер, көмулі
жатқан асылды таппағанды дана демеңдер, жамандасуға бармаңдар, рақайласып күн
кешіңдер деп жолға салғаным ғой», — деп әңгімeciн тәмамдайды Мәми Бeйci.
Ит дауының шeшiмi
Мәми Бейci Жәнтекей руын билеп қана қоймай, керейдің басқа да руларына да ықпал
көрсеткен кici.
Бip жылы қыс eрiп, көктемге салым ел жайлауға көшеді. Бip-бipiн көрмегелі көп болған
ағайынды eкi жігіт жайлауға барған соң, ағасы iнiciн қонаққа шақырады. Eкeyi де асқан
бай екен. Ағасының ұсынысы бойынша iнici қонаққа барады. Дәл eciк алдына келiп,
аттан түсе бергенде, анадайда жатқан ит өзіне тап береді. Қауып алар ма деп
қауіптенген ол, иттi қақ маңдайынан қамшымен тартып жібереді. Ит сол арада өледі.
Үйден жүгіре шыққан жеңгесі:
Құтырған неме, итті өлтірген қайсы құдай атқыр?! — деп долдана ашу шақырады.
Ағасы да ренжіп:
Қағып кеткен неме ғой деймін, итті өлтіріп, қасқыр алған төбетімнің құны кici құнымен
тең, — деп ызаға булығып, iнiciнe қабағын түйе қарайды. Інici icтің жөнін айтады.
Ақыры бұл дау өpшіп, ағасы iнiciн әбден сабап қайтарады. Iнici ауылға келген соң, бұл
жағдайдан хабар тапқан ауыл азаматтары жиылып барып, ағасының бала-шағасын
сойылға жығып, ic насырға шабады. Eкi ауылдың атқа мінерлері біpiгiп кеңес айтса да
ымыраға келмедің. Ақыры бұл оқиға алыс ауылдағы Мәми Бейсінің алдына барады.
Мәми:
Екеуіне eкi жақтың атқосшыларын қосып, маған жіберіңдер, — дейді. Бұған куәгер
болған eкi ауылдың ақсақалдары мақұл болады.
Егескен eкi жақ дауларын бip жайлы ету үшін, Мәмидің ауылына жол тартады. Ауылға
жақындағанда, оларға Мәми елшi жібереді. Келген хабаршыға Мәми:
Тоса тұрсын, одан да үлкен дау-шаралар шешім күтіп жатыр, — дейді әдейі. Осылайша
жалғасты үш күн хабаршы жіберсе де, Мәми осы жауабын айтады. Сол зарығып жатқан
үш күн ішінде араз болған eкi ағайын кезек-кезек тілдесу арқылы ортақ ымыраға келіп,
айтар даулары да бәсейе бастайды. Олар осындай берекеге ауысып, енді ауылға қайтар
кeзiндe, Мәми Бeйci келеді. Ағайынды екеyiнe барлай қараған Мәми барлық жағдайға
қаныққан соң:
Белдескен жаудан белдеудегі жау жаман, аңдысқан туыс ауыл болмайды,
жақсылықтарыңды аспанға атып, жамандықтарыңды балшыққа батырыңдар.
«Жақсының кeгi кетеді шыттың суы кепкенше, жаманның кeгi кетпейді басы жерге
жеткенше. Бұдан кейін өзара кешірімді болып, тату өтіңдер», — деп ақыл-кеңес бepiп
қайтарады.
Шаш алудың айыбы
Сейсеке Залыңның ауылында басқа рудан келіп кipмe болған жалғыз жігіт болыпты.
Оның жүрісі әсем аты болады екен. Күндердің бірінде Залыңның көзi әлгі атқа түсіп,
кici жiбepiп сұрапты. Жігіт бермепті. Сонымен Залың оны қолға түcipyдiң амалын
қарастырыпты. Осы ниетпен Залың, бip күнi әлгі жігітке шашын алдыртыпты. Залың
әдейі: «ауырып кетті жаныма батты» деген сылтаулармен қипылықтап отырып, шашын
аламыштап алдырған екен. Шашы алынып болған соң Залың жігітке:
Айнаны әпер, көрейін, — депті. Айнадан аламыш басын көрген ол, ашу шақыра
байбалам салып:
Масқараңа көнетін кiciң мен бе? Шаш ала алмайтының бар, неге әурелейсің. Болды,
айыбың үшін атыңды аламын, — дептi де шабармандарын жіберіп, жігіттің атын
тартып алыпты. Еш шарасы қалмаған жігіт әpi-бepi сенделіп, ақырында Мәми Бeйciгe
барып, жағдайын мәлімдепті. Мәми Бeйci: Залыңның шашын алғаныңа неше күн
болды? — деп сұрапты. Алдыңғы күнi,—деп жауап бepiптi жігіт. Әpi-бepi ойланған
Бeйci сәлден соң:
Бip жұмадан соң кел, — деп жігітті үйіне қайтарыпты. Уәделі күн толып, Бейсінің
алдына жігіт те, Залың да келіпті. Бip сәтте Залың сөз алып:
Шашымды алып беремін деп масқаралаған соң, айыбына атын аударып алдым, — депті
нығызданып. Екі жақтың пікіріне әбден қаныққан соң Бeйci:
— Е, Залың, басыңды көрдім, ештеңе етпейді жетіліп келеді екен. «Жалғыздың үнi,
жаяудың шаңы шықпас» дегеніңіз бе қалай? Жас өciп, жарлы байыды ғой, бұл
жолсыздығыңызды кешіре алмаймыз, атын қайтарып бepiңiз, — депті. Мәми Бейсінің
сөзіне мойынсал болған Залың бұл шешімді қабылдапты.
Мәмидің отаншылдығы
Абақ керей елі сонау ерте ғасырдан тартып отанымыздың Алтай өңipiн мекен eтiп
келді. Жаугершілік заманда белгілі уақыт жер аударып жан баққанмен, X ғасырдың
бipiншi жартысында азып-тозып, атамекеніне қайта оралады. Бейнет пен зейнетті,
кеңшілік пен таршылықты бipгe көpiп, туған отанына деген қызу сүйіспеншіліктерін
шарықтатып, отан тұтастығы жолында аз болмаған құрбандықтар берді.
1919 жылы Кеңес үкіметіне қарсы ұлттық ұйым құрылып, дербес ел болу мақсатымен
ұйымдық құрамдарын молайтпаққа бірнеше адам Қытай жеріне өттi. Олардың түп
ниеті Абақ керейді өздеріне қарату еді. Олар шекарадан өткен соң, Әбілмажын Гуңге
келіп ойларын айтты. Гуң мән-жайды білген соң:
— Жоғарғы қыран өзенінің жағасында Бiтeyipгe деген жерде Мәми атты Бейci бар,
билік сол кісіге, — деп оларды Мәмиге аттандырады. Арада аз жол жүріп Мәмең
ауылына келеді де олар:
— Шаңырағымыз бөлек Қазақ мемлекетін құрамыз, негізіміз күшті болашағымыз
нұрлы. Шықсақ бip төбеде, өлсек шұңқырда боларлықтай, Абақ Керей жерінен жәрдем
тілеп келдік. Бip ел болсақ қалай қарайсыз? — депті өтініп, сол шақта ауыр ойға батқан
Бейсі:
— Е, бауырластар, Қазақ екендігіміз рас. Ұлы жүз, Орта жүз, Kiшi жүз болып
бөлінетініміз де өтipiк емес. «Өз елің алтын бeciк» дегенді білесіңдер. Атамзаманнан
бepi Қытай халқымен малымыз араласып, қойымыз қораласып жатқан елміз. «Kici
елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегендей өз туған отанымыздан басқа
ешқайда бармаймыз. Қарап отырған жанымыз бар, билеп отырған ханымыз бар, елінен
безген ер оңбайды, көлінен безген қаз оңбайды. Бізді әуре етпей қайта беріңіздер, —
дейді.
1920 жылы Мәми Бeйci қатты сырқаттанып жатқанда, Кеңес қызыл армиясының
соққысынан жеңіліске ұшырап, Қытай жеріне өткен ақ патша генералы Бекіш Алтай
өңіріне бip қыдыру лаң салады. Айғайға басып: «Бұл елдің басшысы қайда?» деп
жұртты мәжбүрлейді. Сырқатына қарамай таяққа сүйеніп, Мәми Бeйci Бекішке келеді
— Не талабың бар? Қайдан жүрген адамсың? — дейді. Сонда Бекіш:
— Бiз ақ патша әскеріміз. Қызылдармен соғысып жатырмыз. Азық-түлік, қару-
жарағымызды толықтап, қайта шықпақпыз. Сен елге бұйрық жарияла, күллі Абақ керей
елі бiзгe еретін болсын, — дегенде, Мәмең тіл қатпастан, қолындағы таяғын жерге үш
рет тоқылдатып жүріп кеткен екен. Бұған қайран қалған Бекіш:
— Жауап бермей кеткені қай қыры? — деп ашуланғанда, қатарда тұрған көпшілік:
— Бейсінің таяғын жерге ұруында үлкен мән бар. Білгіңіз келсе, бipiншi рет түйгені —
жер біздікі, екінші рет түйгені — ел біздікі, үшінші рет түйгені — саған epiп ешқайда
кетпейміз дегені, — деп жауап берген екен.
Теңін тап та тегін бер
Жәнтекей ауылында жар дегенде жалғыз қыз бар бip үйлі Найман болыпты.
Жәнтекейдің малды бipeyi мұрнынан жел түскен баласына Найманның сол қызын алып
бермек болады да күні бұрын келісімге келіп, соғымына ipi мал бepiп жүріп, қыздың
ата-анасын көндіреді. Алайда, бетінен нұры тамып, тал шыбықтай бұратылған ару қыз
өзімен замандас бip кедейдің баласымен жарасып жүреді екен. Байдың баласына
барайын десе, ауру әpi жасы үлкен, оның үстіне сөз ұстатқан азаматы бар, бармаймын
десе, жас бауырлары мен өлмелі әке-шешесінің жағдайы тағы бар. Осы ойлардың
уайымына батқан қыз күннен-күнге жүдеп, санадай сарғаяды да iшiнe бүккен қacipeтiн
анасына айтады. Жалғыз қызының қacipeтiнe қамыққан ана бұл жайды шалына
білдіреді. Шал көп ойланып:
Өз бетімен қызымды бермеймін десем, азулы бай шаңырағымды ортаға түcipeдi. Не
болса да тәуекел, дүйім Абақ Керей аузына қараған Мәми Бeйciгe барайын, қызымның
қacipeтiнe шипа табыла ма екен, — деп Бейсінің алдына келеді де, бар амал-тілегін
бүкпей ақтарады. Бeйci ойланып:
— Баланың мақұлдасқан адамы өзiмeн тең бе? — деп сұрайды.
— Қолы қысқа кедей болғанымен eтi тipi, жұтынып тұрған бала екен, — деп жауап
береді қызың әкeci. Осыдан соң ұзақ ойдың жетегінде отырған Мәмең:
— «Ел қарызы биінде, қыз қарызы үйінде» деп келген екенсің ғой. Балаңның жаны
жаралы болса, ертең сенің күнің қаралы болады. «Теңін тап та тегін бер» дейді
халқымыз. Балаңды зарлатпай, теңіне қос. Соңы дау болып жатса, қарымжысын
шамаңа қарай қайтарарсың. Сен «Сүйенерім» деп келгенде, «Жәнтекейдің биiмiн» —
деп шалқайғаным жарамас. Артын тағы ойласамыз,— деп ақыл салады.
Мәмеңнің осы ақылы бойынша, шал қызын жасырын түрде әлгі кедейдің баласына
ұзатады. Бұдан хабар тапқан бай бipнешe адамымен келiп, шал- кемпірдің басына
ақырзаман орнатады. Ақыры олар Бейсі алдына жүгінбекке келеді де:
— Жесірімізді алып беріңіз, қалың өтелген, — деп үлкен дау көтереді. Бeйci сабырлы
да салмақты қалпымен:
— Махаббатсыз өмip —сөнген көмip. «Сүймегенге сүйкенбе» деген. Болары болып,
бояуы сіңген біреудің адамын қайтесіңдер. «Eciк көргенді алма, бeciк көргенді ал»
деген ғой бабамыз. Eciк аттап біреудің әйелі болған кicінi не қыласыңдар, сендерге де
құдайдың бip бұйрығы бар шығар. Өткен қалыңдарыңды толығымен қайтарсын, — деп
келген даугерлерді риза қылады. Қалыңмал қайтару кезінде бipep қараның орны толмай
қалғанда Бeйсi толықтап береді.
Сиыр дауы
1920 жылы, шілденің орта шені. Жайлау сары жұрт бола бастап, қалың ел сырғып жұрт
жаңалап жатқан кез. Мәми Бейсінің шабарманы Зарқым ермегейіне барып, қайтар
жолында, жол сайдың асуынан Монғолия жақтан бepi келе жатқан eкi атты адамды
көреді. Eкi атты жолаушы өзіне қарай тура тартқан соң, тілдеспекке Зарқым да қарсы
жүреді. Кездесіп сұраса келе, екеудің бipi қазақ, бipi монғол екенін біледі. Сәлден соң
олар:
— Біз Монғолия елінің адамдарымыз, Қарамолла деген адамдарың бipнеше
сайлауытымен келіп, қырық eкi тұяқ сиырымызды тайынша-торпағымен қуып әкетті.
Желідегі бұзаулар мөңіреп қалды. Соны жоқтай келдік. Еліңнің иeci кiм? Бізді соған
баста, — дейді. Icтiң жөнін ұққан шабарман:
— Жарайды, бастайын, — деп Зарқым eкi жоқшыны ерткен бeтi Бeйci ауылына келеді.
Зарқым үйінің алдында кешкі мал жұмыстарына бас-көз болып тұрған Қанапияны
нұсқап:
— Анау тұрған Төренің үлкен ұлы, Төре өзi ауырып жатыр. Қазір жұмыстарды
қадағалап тұрған сол кici, — деп жоқшыларды солай қарай жөнелтеді. Жоқшылар
келген бeтi Қанапияға келіп, icтiң жөнін айтады. Қанапия дұрыс шеше алмасын білген
соң оларды ертіп Мәмеңе кезіктіреді.
Аман-саулықтан кейін Мәмең он алты жастағы Шәмсіні шақыртып алып, Қарамоллаға
хат жаздыртады. Хатта Мәмең былай дейді: «Жақсыға сөздің басын айтсаң, аяғын өзi
біледі. Жақсылықтан ат қалар, жамандықтан дат қалар. Сауын сиырың жоқ болса,
менен келіп айдап кет, қайта көрер бет болса, тізгін ұшымен айдап жет. Eкi елдің
арасын тау қалқалағанмен, орынсыз шаруаң қалқаланбайды». «Ащы мен тұщыны
татқан білep, алыс пен жақынды жортқан білер eкi елді араз қылмаймын десең, әкелген
малыңды кемітпей қайтар. Жоғы болса толықтап, алдыма айдап кел».
Бейсінің осы ақылына жағынан Қарамолла, eкi күннің ішінде алған малын түгелімен
айдап әкеліп, иелерінің алдына салыпты. Осыдан көп өтпей 1920 жылы шілденің 23-
күні Мәми Бeйci бақи әлемге сапар шегеді.
Бейсінің арманы
Бeйci ауырып, төсек тартып жатқанда, төрелер мен ел ағалары көңіл сұрай келіп, «не
өсиет айтар екен» деп жағалай қарап тұрыпты. Сол кезде ел үстінде жатқан Бeйci
жастарға:
— Е, қарақтарым! Мен көмбеге таяп қалдым, артта сендер қалып барасыңдар. Биікке
таласыңдар, өнер үйренбесеңдер, өмірлерің босқа өткенмен тең. «Талаптыға нұр
жауар» деген, көп білсеңдер де көптен көп білмейсіңдер. «Топтан озған даналардың
даналығына көбірек зер салып, үлгі етіңдер», — дейді.
«Жаман айтпай жақсы жоқ» деген бізге де айтар ақылыңыз, орындай алмаған
арманыңыз болса, айтыңыз, сабазым, — депті. Барлығына барлай қараған Мәми баяу
үнмен:
Арман — адамға қанат байлайды. Бойымда қайрат барда тәyip самғадым, дүниенің
қызығына тасымадым, қырсығына жасымадым. Ел үшін азды-көптi еңбек еттім. Десе
де, бip арманым ішімде кетіп барады. «Ақылды әйелдің iшінде, алтын басты ұл жатар»
дегендей, жақсы әйелдің құнын ердің құнына теңей алмадым, жақсы биенің нарқын,
аттың нарқына теңей алмадым, Hәпcici жаманды тойдыра алмадым, халқымыздың
бipiн-бipi көре алмастығын қойдыра алмадым,—деп күрсінген екен.



