Автор: admin

Сол қатарда қырандай сілкініп орнынан тұрған Құрманбек Зейтінғазыұлы айтыс ақындарының дауылпазына айналды. Қазақы өлеңді қарша боратып, әріптестерін теңселтіп, тыңдармандарын толқытты. Сан реткі айтыста шашасына шаң жұқпай, жыр дүлдүліне айналды. Құрманбек Зейтінғазыұлы 1941 жылы Қытай халық республикасының Шіңгіл ауданында дүниеге келген.

Read More

Жақсылық Сәммитұлы туралы не білеміз? Бізге білудің не қажеті бар деген сұрақ та ойыңызға оралуы мүмкін, әрі орынды. Орынды болғанымен, жазушы туралы, оның шығармашылығы жайлы білудің қажеттілігі сіз бен бізге әбден бар. Тек насихаттың аздығы көңілге мұң ұялатады. Біржағынан Қазақстанның мектеп бағдарламасында, оқулықтарында, тарихи кітаптарында тек қазіргі територия көлемінде болған ірілі-ұсақты ұлт-азаттық қозғалыс, көтерілістерді тамтұмдап еске түсіру жеткіліксіз болар еді. Ал шекараның арғы бетіндегі қандастарымыздың азаттық жолындағы азапты арпалысын көп ескере бермейтініміз шындық. Әріден толғамай-ақ, Жақсылық Сәммитұлының өміртолғауы және қандай көркем құнды шығарма жазып қалдырған         ына бірге көз жүгіртейік.

Read More