Абақ керей 12 атаға бөлінеді. Бұл бөлініс Қытай қарамағына өткен кезден басталады. Абақ керейдің қайдан, қалай таратылатыны туралы шежірелер көп және оларда бірізділік жоқ, яғни «әркімдікі өзіне жөн» дегенге саяды. Ойғырлық Мәсәли, Дөйтен, Сахария қариялардың мақұлдауы негізіндегі атам Жанаттың (А.Ж) жазып қалдырған шежіресінде Абақтан Изен, Жусан. Изеннен Мағыналы, Сидалы, Жабайды таратады. Мағаналыдан Қойлау, Байлау делінеді. Қойлаудан-Ителі. Абақ Керейдің ішінде ителі руы «ноқта аға» аталады.
Автор: admin
Сол қатарда қырандай сілкініп орнынан тұрған Құрманбек Зейтінғазыұлы айтыс ақындарының дауылпазына айналды. Қазақы өлеңді қарша боратып, әріптестерін теңселтіп, тыңдармандарын толқытты. Сан реткі айтыста шашасына шаң жұқпай, жыр дүлдүліне айналды. Құрманбек Зейтінғазыұлы 1941 жылы Қытай халық республикасының Шіңгіл ауданында дүниеге келген.
14 ـ қыркүйектен 16 ـ қыркүйекке дейін жоспарланған ұлттық өнімдер жәрменкесінде 6 түрлі топтағы 1200 түрліден астам өнім көрсетілмек.

