«Курсивь» сайтындағы мақаланың аты «Блуждающая база. «Манас» перекочует в Казахстан» деп аталады және жарық көрген уақыты 23 тамыз. «ЕуразияНет» сайтындағы «Где обоснуются американские военные после ухода с базы Манас?» атты мақала одан бір апта бұрын, 17 тамызда басылған. Екеуі де Қырғызстандағы Америка әскери базасының командирі Джон Миллардтың Реntagon Сһаnnel («Пентагон арнасы») телеарнасына берген сұхбатына сілтеме жасайды. Мақала авторлары Джон Миллардтың аталған сұхбаты 14 тамызда жарияланғанын, бірақ кейін көп ұзамай, сайттан алып тастағанын айтады. Дегенмен «Где обоснуются американские военные после ухода с базы Манас?» мақаласының авторы Джошуа Кучера Миллардтың сұхбатын көшіріп алғандығын айта отырып, оқырмандарға оның түпнұсқасын ұсынған.
Автор: admin
Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ — 6-8 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келеді. Ол осы қызметіне 2013 жылы наурызда кіріскен. 2012 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы сауда айналымы 12,5% артып, $24 млрд. болды. Ол өзінің Орталық Азияға жасайтын турне қарсаңында және Санк-Петербордағы G20 саммитіне қатысу қарсаңында ҚазТАГ агенттігіне сұхбат берді.
Археология ғылымында “ХҮIII ғасырдың қазақтары өзіне әлденеше мың жыл бұрын ғұмыр сүрген сақтардың тұрмыс-тіршілігін қаз-қалпында сақтап келген” деген пікір бар. Кезінде еуропалықтар “Сақтар – еуропойдтар” деген антропологиялық деректерді көлденең тартып, сол кездегі тұрмыс пен мәдениетті олардың мұрагері түркі халықтарына қимай келді. Кеңес үкіметі де қазақтардың өз тарихымен табысқанын аса мақұлдай қойған жоқ.

