
Өз дәуірінің белгілі қоғам қайраткеры, шешен би тауасар Қазыбек ұлы Қазақтардың (абақ керей жәнеде басқа қазақ ұлыстары) 18-ғасырда алтай даласында қайталай орнығып елдік құруына аянбай тер төккен айтулы тұлғалардың бірі де бір егейі екенін біреу білсе біреу білмейді .
Кешегі сол батыр бабалар ат тұяғымен дүбірлеткен сайын далада бүгін солардың ұрпақтары өмір сүруде, бабалар рухына мың тағзым ете отырып, тауасар би ұрпақтары және қоғамдағы ақ ниетті жандарың ат салысуымен би атамыздың кесенесі алтай аймағы қаба ауданында тұрғызылды .
Тауасар қазыбек ұлы 1728-жылы қазақстанның әзіргі қарағанды обылсы жаңа арқа ауданы атасу деген жерде дүниеге келіп, 1813-жылы мамыр айында, еліміздің алтай аймағының қаба ауданы көлбәй ауылының малтабар деген төлдеулік жерінде 85 жасында қайтс болған.


