Автор: admin

«Қазақ әдебиеті» газетінің 21.06.2013 ж. №25 санында жарияланған Марал Ысқақбайдың «Қазаққа керегі тарих па, тарихшы деген атағы ма?» атты мақаласында бүгінгі қоғам үшін өте өзекті мәселелер қозғалған. Қай ғылымда болсын, бүкіл адамзатқа ортақ мәселелер­мен қатар жеке ұлтқа қатысты жайттар орын алады. Тарихты қойып, ең бір нақты ғылым математиканы алсақ, ондағы негізгі категория цифрлардың өзі араб, рим болып бөлінсе, тіпті, саналатын нысанға байланысты әртүрлі цифрлар жүйесін қолданатын халық бар екендігі айтылады. Соңғысы сол халыққа ғана тиісті болса, алдыңғылары бүкіл адамзат игілігіне айналған. Ал тарихта жеке ұлттарға ғана тән жайттар аз емес. Аталған мақала авторының мақсаты – қазақ тарихының ұлтымызға ғана тән…

Read More

Ондаған ғасырларды қамтитын қазақ халқының тарихы өте бай әрі күрделі. Бүгінгі қазақтың арғы ата-бабалары сақтар мен ғұндардан бастау алған бұл тарихтың ұзақ жолы небір ғаламат оқиғаларға, жеңістер мен жеңілістерге толы. Осы бір сонар тарихтың әр кезеңінде жердің тұтастығы мен елдің еркіндігі үшін, жалпақ жұрттың тыныш та бейбіт өмір сүруі үшін жанын да, қанын да аямай, күндіз де, түнде де дамыл көрмей күрескен ел басылары мен қолбасы-батырлардың есімдері ел жадында сақталып, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа тарап, біздің заманымызға жетіп отыр.

Read More

   Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Азаттық радиосы Қырғыз редакциясына берген эксклюзив сұхбатынан үзінділер ұсынамыз. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Азаттық радиосына сұхбат беріп отыр. Бішкек, 30 тамыз 2013 жыл.  Азаттық радиосы ҚЫРҒЫЗСТАН ӨЗГЕРІП КЕЛЕДІ Мен сыншы атаулыға «Бішкек пен Ош қалаларының көшелерін аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігі қалай өзгергенін өз көздеріңмен көріңдер» деп кеңес берер едім. Бішкекте құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 2009 жылы, қыста шетелдік бір сапардан ұшып келе жатқанымызда Қазақстанның самаладай жарқырап, ал біздің астанамызды қара түнек басып тұрғанын көргеніміз есімде.

Read More