Бұл жолы Ержанның жерлесі, белгілі сөз жүйрігі Мейірбек Сұлтанхан қазылар талғамынан шықпады. Қарсыласына орынды уәж қайтара алған жоқ. Сондай-ақ, танымал айтыскер Сара Тоқтамысова да өз биігінен көріне алмады.
Автор: admin
Шәкудің алғашқы тірлігі кедейшілікпен өтіпті. Барлам адамдардың малын бағып, отынын жағып тіршілік талшығын айырып жүргенінде, жемтікке түсіп тояттаған бүркіттің үстінен түсіп ұстап алыпты. Бақ-дәулет үйірілейін дегенде ұйырымен келеді дегендей, сол бүркітті баптап түлкіге салған екен, қылт еткенді құтқармайтын қыран болыпты. Шәку алғашында бүркітті жаяу салады екен. Сайыр тауының бөктеріндегі теректі деп аталатын сайда «бүркіт салған» дейтін жер бар, қансонар болғанда шәку бүркітін тау басына көтеріп шығарып, төңіректі шалып, түлкінің соқпағын дәл мөлшерлеп, аңдып отырып, түлкінің қарасын көргенде бүркіттің томағасын тартып қоя береді екен.

