Автор: admin

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет ығай хан 8-ші Қазақ ханы 1580 — 1582 Ізашары: Хақ-Назар хан Ізбасары: Тәуекел хан Дүниеге келуі: 1500 жыл Қайтыс болуы: 1582 жыл Әкесі: Жәдік сұлтан Шығай хан — (1580—1582 жж.) билік құрған. Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.

Read More

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Жәдік әулеті – Жәдік сұлтаннан тараған әулет. Ол қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. В.В. Вельяминов – Зернов 1864 жылы өзінің “Исследование о Касимовских царях и царевичах” атты еңбегінде Жауық (Джаук) есімін Жәдік (Джадик) деп оқу керектігін, өйткені Жәдік пен басқа да деректерде келтірілетін Йадық есімінің бір адам екенін жазған. Жәдік Өсек сұлтанның туған бауыры еді.

Read More

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Хақназар хан Қазақ ханы 1538 — 1580 Ізашары: Бұйдаш хан Ізбасары: Шығай хан Әкесі: Қасым хан Анасы: Ханыкей Сұлтан-ханым Хақназар хан[1] — (1538—1580) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.[2]

Read More