Қой жылы кірісімен оқырмандарын үш кітабымен қуантқан Қазақстан Жазушылар одағының және Еуразия жазушылар одағының мүшесі, жазушы әрі ақын Жәди Шәкен биылғы жылын жемісті жылға балап отыр. Бұл күнде Астана шетіндегі Қоянды орта мектебінің директорлық қызметін атқарып отырған қаламгер баспа бетін көрмеген еңбектерінің көбін қой жылында жарыққа шығатынын жеткізді. «Қой жылына тарту ретінде үш кітабым жарық көріп жатыр. Оның біріншісі – балаларға арналған «Арманшыл бала» кітабым. Өзім мектеп құшағына келіп, тарих пәнін ақтарғаннан кейін, сондай-ақ тарихи тақырыптар төңірегінде жүргізген зерттеулерім негізінде «Тәуелсіздік құндылығы» деген екінші кітапты оқырманға ұсынып отырмын. Ал үшіншісі – әулеттік баян шежіресі ретінде жазылған «Ақылнама» атты кітап. Мектеп…
Автор: admin
Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара ықпалдастығының кең ауқымдағы мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті. – Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздің тарихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас. Венгрия – біз үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуының үдемелі қарқынына назар аударды. – Бұл біздің бірінші кездесуіміз емес. Бұл байланыстар біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға ықыласты екенімізді көрсетеді. Біз Венгрияның Еуропа одағы елдері арасынан…
– Керей аға, сізді спортсүйер қауым танымал бапкер ретінде біледі. Қазіргі таңда бапкерлер шәкіртін күрестің әдіс-тәсіліне жаттықтырады, ұлттық рухқа, қайсарлыққа үйретпейді дейді? Осы пікірге өзіңіздің көзқарасыңыз қандай? – Күрес үш нәрседен тұрады. Әуелі, биология, одан кейін биомеханика, үшіншісі – психология. Осының ішінде биологияға: спорт анатомиясы, физологиясы жатады, ал, биомеханикаға күресті үйрету методикасының дұрыстығы, яғни тіректен бастап айла-әдістердің математикалық дәлдігі жатады. Бірақ спортшының дене-тұрқына қатысты, нақтырақ айтқанда, аяқ-қолының ұзындығына немесе қысқалығына, күш-қайратына байланысты ерекшеліктері бар. Психология дегеніміз осының бәрін спортшының санасына сіңіру. Өз тәжірибемде баланың психологиясын жас кезінде қалыптастырмай одан үлкен спортшы шықпайды. Баланың жылдамдығы, иілгіштігі, ептілігі 14 жасына дейін қалыптасуы керек.…

