Автор: admin

ҚАЗАҚТЫҢ СЫБЫЗҒЫШЫЛЫҚ ӨНЕРІ Сыбызғышылық дәстүр республикамыздың Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан өңірлерінде мектептермен, орындаушылық ерекшеліктеріне қарай кеңінен тараған. Сонымен қоса Қытайдағы Шыңжан өлкесінде [1] және Монғолиядағы Баян-Өлгей аймағында тұратын қазақтарда, сыбызғы дәстүріндегі үлкен мектептердің қаймағы бұзылмай сақталып бүгінгі  күнге дейін жетіп отырғанын көреміз [2, 3-4 б.]. Сыбызғышылық дәстүрді тұрғылықты өңірлеріне байланысты төрт аймаққа бөлінген:

Read More

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ КҮЙ ӨНЕРІ                Шығыс Қазақстан күйшілік, домбырашылық дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. Осы орындаушылық дәстүрге еліміздің Шығыс Қазақстан, Семей, Алтай,Тарбағатай, Шыңғыстау, Шұбартау, Аякөз өңірлерінің, сонымен қатар Қытай халық Республикасының Шығыс Түркістан, Монғолияның Баян-Өлгей аймағы қазақтарының күй мұралары жатады. Бұл еңбекте негізінен Қазақстанның шығыс өңірі мен Қытай халық Республикасының Шығыс Түркістан аймағының домбыра күйлері алғаш рет топтастырылып, жинақталып отыр. Ал, Баян-Өлгей қазақтарының күйлері өз алдына зерттеуді, жинақтауды болашақта қажет етеді.

Read More

  Украина мен Ресей араздығы «Украинаның Еуропа Одағымен келісім жасауына кедергі келтіретін Ресей жоспары» деген құжат жарияланғалы шиеленісе түсті. Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және украиналық саясаткер Виктор Медведчук. Киев, 27 шілде 2013 жыл. Азаттық радиосы Мәскеудің Украина мен Еуропа Одағының ынтымақтастық туралы келісіміне қарсы екені белгілі. Кремльдің нақты жоспары бар тәрізді.Украиналық «Дзеркало тижня» газетіне өткен аптада 10 беттік құжат жарияланды. Содан кейін жұрттың көбі «Мәскеудің жоспары бар» деген ойға келді. Газет «материалды Мәскеу мен оның Украинадағы одақтастары Ресей ықпалын арттыру үшін әзірлеген» дейді.

Read More