Автор: admin

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет мырза, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі қай жылы жазылған еді? Жалпы ғұламаның қазақ халқына қандай жақындығы бар? Мәмбет Қойгелді Мұсылман жыл санауы бойынша 952 жылы «зен-әл-хаже», яғни қазіргі біз қабылдаған жыл санауы бойынша 1546 жылы 3 наурыз күні аяқталған, басқаша айтқанда, осыдан төрт жарым ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған Мұхаммед Хайдар ибн Хұсейін «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінің біздің санамызға тигізер ықпалы неге әлсіремей, өз сөзімен айтқанда, бүгінгі зерттеушілердің «дарындылығы мен намысқойлығынан» ба, жоқ әлде асылдан басқаны жуып-шайып өте шығатын өмірдің өзінен туындаған табиғи қоғамдық рухани сұраныс па?

Read More

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Мұстафа Өзтүрiк Жеке мағлұматтар Толық есімі Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман Шынайы есімі Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман Азаматтығы  Қазақстан Мамандандыру Таэквандошы Туған күні 23 қараша 1954 Туған жері Мұсаходжалы ауылы, Қайсері қаласы,  Түркия Қайтыс болған күні 15 наурыз 1995 (40 жас) Қайтыс болған жері Алматы Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (23.11.1954, Мұсаходжалы ауылы, Қайсері қаласы, Түркия, – 15.3.1995, Алматы) – белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.

Read More

Қайрат Қайполлаұлы. Меккені басқарған қазақ Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари – Қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны. Араб елінде Бейбарыс сұлтаннан кейін, Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген, қасиетті Байтолланың үстіне жамылған кілемді алмастыру бақытына ие болған қазақ, Сауд-Арабия еліне «Еңбегі сіңген генарал», министр дәрежелі әскери басшы. Сонымен бірге  түркі, қазақ жұртына танымал қажылардың қамқоры, Моңғолиядағы Баянөлгей орталық мешітін салдырған ұлтшыл азамат.

Read More