Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»Шақантай батыр Жауғашарұлы (1706-1793)
Тағылым

Шақантай батыр Жауғашарұлы (1706-1793)

21/08/20131
Шақантай батыр Жауғашарұлы (1706-1793)

Шақантай батыр Жауғашарұлы (1706-1793)

 

1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Абақ керей ішіндегі Жастабан. 18 ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезеңде қансыраған халқына қалқан, қорған болған. Қазақ-жоңғар соғысында қазақ халқының қас батырлары, бас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ер Жәнібектермен бірге бірнеше шешуші шайқастарға  қатысқан.

 

Шақантайдың әкесі Жауғашар ауқатты, бай адам болған. Шақантай жеті жасқа келгенде ол дүниеден өтеді. Оны жассынған ағайындары малын емін-еркін пайдаланып жүре берген.

 

Қазақ айтыскері  Қ. Алтынбаевтың “Ақырғы айқас” дастанында Шақантайдың ерлігі былай жырланады:

…Аякөзден асқан соң

Тарбағатай көрінді,

Есі қалмай сасқан соң

Екіге жоңғар бөлінді.

Қашқан жоңғар артынан

Қарт Бөгенбай қалмады,

Тетелес Жантай бар,

Тоқтамыс пен Мамай бар-

Көмек беріп қолдады.

Жалайырлық Жоламан

Жеткен екен ол-дағы,

Серейген биік бақандай

Керейден шыққан Шақантай

Сынған жерде найзасы,

Өсіп тұрған теректі

Жұлып алып толғады…

Шақантай Қабанбай батырдан көп кіші болғанмен, жоңғарларды қазақ даласынан біржола қуып шығатын тұста үзеңгілес болған. Оны ақын Қалихан Алтынбаевтың жыр жолдарындағы  Аягөз, Тарбағатай, Тоқта, Барлық деген жер атауларынан  аңғаруға болады. Шекаралас жатқан елдер болғандықтан  барымта-қарымталар жиі болып тұрған.Осындай сәттерде Шақантай батыр елге ес болып, жауынан қорғаған. Ол бірнеше ауыл әскер ұстаған, олардың ат-көлігін , қару-жарағын, тамағын өзі қамтамасыз еткен.

Батыр біздің халқымыздың қатарын көбейтуге  кезінде үлес қосқан ұлы демограф. Он үш әйелден тараған 22 ұлы 21 ауыл болып Бақанас өзенінің бойын мекендеген, 30 қызы болған екен. Бүгінде сол ұрпақтан өсіп-өнген жандар рулы елге айналған.

Шақантай Жауғашарұлы аруақты батыр ғана емес, артында асыл сөз қалған  аузы дуалы  шешен, ел бастаған көсем болған.

Өмір бақи аттан түспей, елдің тыныштығын, ұрпақ қамын  ойлаған

батыр  ұзақ жасап   1793 жылы  87 жасында Бақанас бойындағы Қарауылтөбе

деген жерде қайтыс болады.

Шақантай батырға үлкен күмбез – кешен 1993 жылы, яғни қайтыс болғаннан кейін 200 жыл өткеннен кейін  ақ кірпіштен өріліп соғылды. Бұл күмбезді тұрғызуға даңқты композитор Е. Рахмадиев үлкен еңбек сіңірген

 

Ш. Жауғашарұлы туралы:

 

Ер Шақантай – еліне қорған болған [Мәтін]// Ертіс өңірі.- 2006. – 28 маусым. – Б.10

Көксегенов А.  Дұдыға қағып, дұшпанға ойран салған [Мәтін] / Көксегенов А // Семей таңы.- 2006.  – 17 тамыз. —  Б.13

Майданұлы Н.   Ер Шақантай Жауғашарұлы// Ертіс өңірі.- 2005. —  10 наурыз. —  Б. 29

СүлейменовТ .Шұбартау өңірінің батырлары мен билері: [Жауғашарұлы Ш.(1706),Байсейітұлы Ж, Аманбайұлы Б.(1739) туралы]// Дидар.- 1998.-4 маусым

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleХасен Оралтай
Next Article Мұхтар Мағауин (1940 ж.)

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.