Автор: admin

Дәлелхан Сүгірбайұлы (1904 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Сарысүмбе ауданы,Көксу қонысы -1949) – Қытайдың Шыңжаң өлкесінде болған ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері, генерал-майор. 1933 жылғы Қытай қазақтарының көтерілісіне белсене қатынасқан. Өлкедегі ел басшыларын жаппай тұтқынға алып жатқан кезде Дәлелхан 1941 жылы Қазақстанға өтіп кетті. Кейін аймаққа қайта оралып (1944), Гоминьдан үкіметіне қарсы Үш аймақ көтерілісі басшыларының бірі болды. 1945 жылы Алтай аймағы Гоминьдан үкіметі ықпалынан азат етілгеннен кейін, Алтай аймағы генерал-губернаторының бірінші орынбасары әрі аймақтың әскери округінің қолбасшысы болып тағайындалды. Іле, Тарбағатай аймақтары да азат етіліп, үш аймақтың негізінде Шығыс Түркістан Халық Республикасы құрылған кезде (1946) Дәлелхан үкімет мүшесі және Шығыс…

Read More

Бөке Жырғалаңұлы (1844, Қытай, Алтай аймағы, Шіңгіл өзені бойы — 1899, Тибет тауы) — Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық күресіне қатысқан батыр. Моңғол-торғауыт сұлтаны Сары Уаңның қазақ ауылдарына жасаған зорлық әрекеттеріне қарсы жас кезінде-ақ қол бастаған. 1883 жылы Бөке Шонжы қаласына әкім (шаңя) болып тағайындалады. 1886 жылы Еренқабырғаға, Боғдаға барып керей, найман руларына қорған болады. Қытай-манжұр, моңғол билеушілерінен зәбір көріп ығысқан қалың ел Боғдаға қарай көшіп, Бөке батырды паналайды. Бұл жағдай Үрімжі ұлықтарының оның үстінен іс қозғауына себепші болып, 4 ай абақтыда отырады. 1887 жылы Бөке батыр қазақтарға жаңа мекен іздеп, оңтүстікке ауа көшеді. 1890 жылы Шақылық-Шаршенде Бөке батыр жасағы Үрімжі…

Read More

Боздақ Дүзбембетұлы өмірбайаны Боздақ Дүзбембетұлы (1900_1994)  Алтай аймағының Аңсаты жайлауында, малшы семиасынд адүниеге келген. Әкесі Дүзбембет аңшылық, ағашшылық, өрімшілік сынды сан өнердің иесі, алқалы елі аға тұтқан жігерлі де қатаң болған адам. Бірбеткей әке алғаш діни оқып қара таныған Боздақты күнкөрістің күйімен оқудан шығарып, өз өнеріне мұрагер етуге бейімдейді. Боздақ әке касыбын ақсатпай игеруден сырт, үйінен үзілмейтін көрген-білгенді, шешен-шежіре адамдардың кеңесіне ден қойып, олардың нәрлі сөз, хиса-дастарндарын көңіліне тоқиды.

Read More