Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет ‘Көктоғай көтерілісі– Алтай аймағы қазақтарының Қытай билеушілеріне қарсы 20 ғ-дың 30 – 40-жылдарындағы қарулы көтерілісі. Шыңжаң өлкесінің генерал-губернаторы Шың Шысай өз үстемдігін бекемдеу үшін ел ішіндегі көзі ашық, оқыған азаматтарға, дін басыларына құрық салды. 1938 ж. қыркүйекте Алтай аймағының Көктоғай ауданындағы қарақас руының тәйжісі Қалел Нұртазаұлын, аймақтық өкіметтің бас хатшысы Мәнкей Мәмиұлын тұтқындады. Желтоқсан айында дінбасы Ақыт қажыны тұтқындап, кітаптарын тәркіледі. 1939 ж. қыркүйекте “Қазақ, қырғыз құрылтайын ашамыз” деген сылтаумен Алтай аймағынан 50-ге тарта адамды Үрімжіге шақырып апарып, қамады. Халық қолындағы қару-жарақты өкіметке алу үшін аймақ, аудандарға құрал жию комиссиясын жіберді. Сарсүмбе қаласына 700…
Автор: admin
Шоқан Уалиханов: “Абылай хан заманы – қазақ батырларының дәуірі” деген ұлы сөзін тегін айпаса керек. Оның сыртында Абылай дәуірі жоңғарлар мен қазақтардың сұрапыл шайқастарына толы болды. Не бір батырлар шықты. Соның бірі – біз сөз өткелі отырған Ер Жәнібек батыр. Осы Керей Жәнібек батырды ел аузында “Ақыр Жәнібек” деп те атайды. Себебі қазақтың тарихында көптеген Жәнібектер өткен. Соларды шатастырмау үшін, әрі Жәнібектердің ерлік дәуірінің ақыры ретінде есте тұтқан болуы мүмкін.
Мәми бейсінің әділ шешімдері жайлы Тоқтарұлы Б. — Қытай, Шыңжаң заң институты, доцент Қытайдың Алтай районында негізінен Абақ керей рулары және кейбір найман рулары қоныстанды. XVIII ғасырдың бастарында осы рулар, Жұңғар хандығының шапқыншылығы салдарынан ауып кеткенмен, 1757 жылы Чың үкіметі жұңғарларды дүрбелеңін тыныштандырғаннан кейін, осы рулар өз мекеніне қайта оралып, тipшiлігін қайта бастады. Абақ керейдің ел басы Қоғадай 1790 жылы Пекинге барып, Чянлуң ханмен кездеседі әpi Гуң деген шен алды. 1820 жылы Қоғадай Гуң қайтыс болады.

