Алматының Алатау аудандық соты бүгін «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыпталған Татьяна Шевцова-Валоваға үкім шығарды. Алатау аудандық сотының үкіміне сай, Татьяна Шевцова-Валова 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Шевцова-Валова 3 жыл бойы сынақ мерзімінде болады. Яғни, оның іс-әрекетін жергілікті полицейлер қатаң бақылап отырады. Ал айыпталушы болса, соттың бұл үкімімен келіспейтінін айтып, қайта шағымданатынын айтты. Шевцова-Валова жазаны жеңілдету үшін Жоғарғы сотқа дейін арыз жазбақшы. Еске сала кетейік, қылмыстық істі қозғауға Татьяна Шевцова-Валованың әлеуметтік желідегі жазбалары себеп болған. Жазбаларда «ұлттық ерекшелікке қатысты кемсіту» барын айтқан бірнеше қолданушы билік орындарына шағым түсірген. Қаңтардың 12-сі соттан шыққаннан кейін Шевцова-Валова журналистерге әлеуметтік желілердегі жазбаларды өзі жазбағанын және…
Автор: admin
АКТЕРДІҢ ӨМІРІНІҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ҰМЫТА АЛМАҒАН АЛҒАШҚЫ МАХАББАТЫ Биші Хетти Келли – Чаплиннің алғашқы махаббаты. Олар Лондонда танысқанда Чарльз 19 жаста, ал Хетти 14-те болатын. Чаплин «Ланкаширлік сегіз жігіт» атты лондондық труппада актер, Хетти ансамбльдің балеринасы еді. Сахна сыртынан Хеттиді кездестіріп қалған Чарльз оның ерекше сұлу келбеті, қоңыр көздері мен әдемі еріндеріне ессіз ғашық болады. Бар болғаны бес-ақ рет кездескен екі жастың жолы ұзаққа созылмай-ақ екіге айырылды. Чаплиннің тұрмысқа шығу туралы ұсынысынан шошып кеткен жас биші келесі кездесуден бас тартады. Актердің өзі ол туралы: «Екеуміз бес-ақ рет кездессек те, кездесулеріміз 20 минуттан арыға созылмаса да, ол махаббат хикаям есімде мәңгіге…
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовке Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Кәрімовтің халық алдындағы беделінің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі екені атап өтілген. Мемлекет басшысы сондай-ақ И.Кәрімовтің басшылығымен Өзбекстанның одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген. «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентіне зор денсаулық және жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас өзбек халқына татулық пен бақ-береке тіледі.

