Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Нұрсұлтан Назарбаев: Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз.
Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев: Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз.

01/04/20150

Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі

 

Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара ықпалдастығының кең ауқымдағы мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті.

– Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздің тарихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас. Венгрия – біз үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуының үдемелі қарқынына назар аударды.

– Бұл біздің бірінші кездесуіміз емес.  Бұл байланыстар біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға ықыласты екенімізді көрсетеді. Біз Венгрияның Еуропа одағы елдері арасынан алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойғанын жоғары бағалаймыз. Сіздің сапарыңыз нәтижелі болуы, ынтымақтастығымыздың нақты бағыттары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілуі үшін біз қажетті күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – деді Мемлекет басшысы.

В.Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне елге шақыру үшін ризашылық білдіріп, венгр халқының сәлемін жеткізді.

– Әлемдегі күрделі ахуал жағдайында біз Сіздің бұдан арғы ынтымақтастығымыздың перспективалары жөніндегі пікіріңізді білуге мүдделіміз. Қазақстан Еуропалық одақта оның біздің ел сияқты сенімді досының бар екеніне сенуіне болады. Будапеште біз Астана көшесін ашқанымызды жеткізгім келеді. Біз саяси және мәдени байланыстарымыз тиісті деңгейде деп санаймыз, оның ар жағында Сіздің қолдауыңыздың тұрғанын да сезініп отырмыз, – деді Венгрия Премьер-Министрі.

В.Орбан сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына қатысу туралы шешімі Қазақстанның болашақтағы тұрақтылығын да қамтамасыз етудің кепілі екенін айтты. Осыған байланысты Венгрия Премьер-Министрі өз елінің атынан Мемлекет басшысына зор табыс тіледі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКерей Қойшыбеков: Ұлттық санасы жоқ адам балуан болмайды
Next Article Жәди Шәкен: Биылғы жылы өзіме ауыр міндеттер артып отырмын

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.