Мәми бейсінің әділ шешімдері жайлы Тоқтарұлы Б. — Қытай, Шыңжаң заң институты, доцент Қытайдың Алтай районында негізінен Абақ керей рулары және кейбір найман рулары қоныстанды. XVIII ғасырдың бастарында осы рулар, Жұңғар хандығының шапқыншылығы салдарынан ауып кеткенмен, 1757 жылы Чың үкіметі жұңғарларды дүрбелеңін тыныштандырғаннан кейін, осы рулар өз мекеніне қайта оралып, тipшiлігін қайта бастады. Абақ керейдің ел басы Қоғадай 1790 жылы Пекинге барып, Чянлуң ханмен кездеседі әpi Гуң деген шен алды. 1820 жылы Қоғадай Гуң қайтыс болады.
Автор: admin
Баяхмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР АРАСЫНДА АЙТЫЛАТЫН «ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЖЫРЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ Автор в статье сравнивает варианты песни «Козы корпеш – Баян сулу» встречающегося среди казахов Китая. Сравнивая топономические названия, встречающиеся в песне, автор показывает местом рождения этой песни местность Ор Алтай. Yazar Çin kazakları arasında söylenen ‘Kozı Korpeş-Bayan sulu’ destanın nüshalarını karşılaştırır. Destanda adı geçen mekanlar örnek göstererek destanın Ör Altayda doğduğunu öne sürer. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жыры – қазақ халқының ертедегі өмірін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін аңғартатын көркемдігі биік, халықтық шығарма. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырын зерттеуші ғалымдар ХVІ–ХVІІ ғасырда жарыққа шыққан, яғни жоңғар шапқыншыларының зобалаңы…
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Шұбартау көтерілісі – кеңес үкіметінің әкімшілік саясатына қарсы халық толқуы. 1931 ж. наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында (қазіргі Аягөз ауданы) болған. Сол жылдары Шұбартау аудандық орталығы өнеркәсіпті аймақтарды ет өнімдерімен жабдықтайтын және осы мақсатпен Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылық аудандарының бірі болды. Оның үстіне 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес өкіметінің қатал саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтерілістің өрістеуіне көрші Абыралы және Шыңғыстау аудандарында көтерілістің басталғаны туралы хабар, сондай-ақ Қазақстанның көптеген

