Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»Шұбартау көтерілісі
Тарих

Шұбартау көтерілісі

20/08/20130
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шұбартау көтерілісі – кеңес үкіметінің әкімшілік саясатына қарсы халық толқуы. 1931 ж. наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында (қазіргі Аягөз ауданы) болған. Сол жылдары Шұбартау аудандық орталығы өнеркәсіпті аймақтарды ет өнімдерімен жабдықтайтын және осы мақсатпен Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылық аудандарының бірі болды. Оның үстіне 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес өкіметінің қатал саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтерілістің өрістеуіне көрші Абыралы және Шыңғыстау аудандарында көтерілістің басталғаны туралы хабар, сондай-ақ Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметінің құлағаны туралы өсек-аяң шешуші ықпал етті. Көтеріліске аудандағы 1-, 4-, 5-, 6-, 7-, 8-, 11-ауылдардың азаматтары белсенді түрде қатысты. Көтерілісті 77 жастағы Қарамұрзин Мырзаш басқарды. 1931 жылы 5 наурызда көтерілісшілер 8-ауылдық кеңес кооперативтерін басып алып, оның мүлкін елге үлестірді. “Бидайық” жайлауында көтерілісшілердің алғашқы жиналысы өтті. Сароба жайлауында да жиналыс өтіп, жиналған 30 шақты адам Молдабаев Қалидің бастауымен Аягөз стансасынан Шұбартауға келе жатқан тауар тиелген жүк арбасын тонады. Онсыз да толқып отырған ауылдар енді үкіметке ет тапсырудан ашық бас тартты. “Кеңжайлау” жайлауындағы жиналыста аудан орталығына шабуыл жасау туралы шешім қабылданып, онда 200-дей көтерілісші жиналды. Олардың алдында қолына ақ жалау ұстап, Қарамұрзин сөз сөйлеген. Көтеріліс басшысы жасының келіп қалғанына байланысты бұл сапарға өзі аттанбай, көтерілісшілер қатарына үш ұлы – Тәуірбайды, Амансарыны және Ұздыбайды қосты. Көтерілісшілерді шабуылға Серғазин Мұқа, Молдабаев Қали, Байғозин Мелдехан, Әбітаев Итжан бастап шығып, олардың соңынан 300-ге тарта адам ерді. Жолшыбай көтерілісшілерге басқа ауылдың жігіттері қосылып, жалпы саны 700-дей адам болды. Негізінен сойылмен қаруланған көтерілісшілер 8 наурызда аудан орталығын қарсылықсыз, қантөгіссіз басып алды. Олар ең алдымен қамауда отырған 41 адамды босатты. Мұнан соң аудандық мекемелерді жаппай талқандап, ондағы құжаттарды өртеп жіберді. Көтеріліс басшылары мекемелерден, астық қоймаларынан алынған заттар мен астықты көтерілісшілерге таратып берді. Осы оқиғаны естіген Шұбартау ауданының басқа ауылдары да көтеріліске шығып, жергілікті кооперативтерге басып кіріп, белсенділерді соққыға жықты. Кейбір деректерде Сарыбел және Кеңжайлау жайлауларында өткен жиналыстарда ақсақалдар кеңесінің шешімімен көтерілісшілер Мырзаш Қарамұрзинді хан сайлаған. Аудан көлеміне кең тарап кеткен көтерілісті басу Біріккен мемлекеттік саяси басқарма және коммунистік жасақтарға оңайға түсе қоймады. Дегенмен, темір жол арқылы келген жазалаушы әскер көтерілісті күшпен басты. Ұрыс барысында 9 көтерілісші оққа ұшып, көптеген адам қолға түсті. Көтеріліске қатысушылар қатаң жазаланды. Ерекше үштіктің үкімімен 28 көтеріліс басшысы ату жазасына кесілді, 66 адам 3 жылдан 10 жылға дейін мерзімге еңбекпен түзеу лагеріне жөнелтілді. Қазақстанның өз ішіндегі аудандарға 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге 17 адам жер аударылды, шартты түрде 22 адам сотталды. Сонымен қатар ауданның басшы коммунистері де жазадан тыс қалған жоқ. 1931 ж. 25 сәуір – 5 мамыр аралығында Шұбартау ауданында орталықтан келген мемлекеттік комиссия жұмыс істеді. Оны Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Елтай Ерназаров басқарды. Комиссия шешімімен “сатқындық жасағаны, таптық бағытты бұрмалап, оппортунизмге түсіп, байлармен және бандиттермен достасқаны үшін” ауданның 8 басшысы, т.б. адамдар партиядан шығарылып, сотқа тартылды. Өзінің алдына қойған мақсаты, көтерген ұраны, ұлттық құрамы, қозғаушы күштері тұрғысынан қарағанда Шұбартау көтерілісі қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсылығы болып табылады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Next Article ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР АРАСЫНДА АЙТЫЛАТЫН «ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЖЫРЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.