Автор: admin

– Керей аға, сізді спортсүйер қауым танымал бапкер ретінде біледі. Қазіргі таңда бапкерлер шәкіртін күрестің әдіс-тәсіліне жаттықтырады, ұлттық рухқа, қайсарлыққа үйретпейді дейді? Осы пікірге өзіңіздің көзқарасыңыз қандай? – Күрес үш нәрседен тұрады. Әуелі, биология, одан кейін биомеханика, үшіншісі – психология. Осының ішінде биологияға: спорт анатомиясы, физологиясы жатады, ал, биомеханикаға күресті үйрету методикасының дұрыстығы, яғни тіректен бастап айла-әдістердің математикалық дәлдігі жатады. Бірақ спортшының дене-тұрқына қатысты, нақтырақ айтқанда, аяқ-қолының ұзындығына немесе қысқалығына, күш-қайратына байланысты ерекшеліктері бар. Психология дегеніміз осының бәрін спортшының санасына сіңіру. Өз тәжірибемде баланың психологиясын жас кезінде қалыптастырмай одан үлкен спортшы шықпайды. Баланың жылдамдығы, иілгіштігі, ептілігі 14 жасына дейін қалыптасуы керек.…

Read More

Босанбай шетте шерлі ана, Елінде өссін ер бала. Алаштың тәжі алтын алтын күн, Алаштың тағы кең дала. Қобда Моңғолияның оңтүстігінде орналасқан шағын қала. Мұнда ықылым заманнан бері тұратын қазақтар өте көп. Бұл жер біздің ата-бабамыз тұрған ата қонысымыз. Географиялық, шекаралық өзгерістерге байланысты Моңғолия азаматына айналғанымызбен, мен өзімді оралман емес, нағыз қазақ санаймын. Мен шынын айтсам, Моңғолияда жүріп моңғолдарға қызығатынмын. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлеу, өз жұртында ұрпақ жалғастыру – мұның өзі бір бақыт. Моңғолдардың суын ішіп, топырағын басқаныммен, аңсарым өз еліме оралу болды. 2011 жылы Ұлан-Батырда оқып жүргенде студенттердің арасында жоғары нәтиже көрсетіп, шетелде білім алу грантын жеңіп алдым.…

Read More

Алматы облысында 97617 әскери бөлім базасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері рота (батарея) командирлерінің жиыны басталды-деп хабарлайды ҚМ баспа сөз қызметі. Әскери жиынның мақсаты – түрлі әскери тәртіп бойынша офицерлердің білім деңгейін тексеру, офицерлердің кәсіби дағдыларын тексере отырып жоғарғы лауазымға қою және оқуға жіберу болып табылады. Жиын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының жауынгерлік және дене даярлығы бойынша орынбасары полковник Қуаныш Көкпетовтің басшылығымен өтеді. Оның аясында офицерлер өздерінің кәсіби дағдылары мен жеке қасиеттерін көрсете алады. Осыған орай мемлекеттік-құқықтық даярлықтан, атыс, дене, тактикалық, саптық даярлықтардан және басқа да пәндерден сынақтар тапсыру қарастырылған. Бұдан өзге, олар топография ауқымында өз білімдерін көрсетеді. Офицерлердің нормативтік-құқықтық…

Read More