Автор: admin

Елбасы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті, Біріккен күрес әлемінің Бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановты қабылдады-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. Кездесу барысында елде бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын дамытумен қатар халықтың дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына тоқталды. Д.Тұрлыханов отандық спортқа Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауы нәтижесінде ірі қалаларда ғана емес, шалғай өңірлерде де қажетті инфрақұрылымдар салынып жатқанын айта келіп, сол үшін алғыс жеткізді. Бұл жағдай қажетті іргетас қалауға мүмкіндік беріп, соның негізінде Қазақстан спортшылары өңірлік…

Read More

Астана іргесіндегі Қояндыдан қуанышты хабар жетті. Сегіз жыл бойы үйімізді қашан күреп тастайды деп үрейленіп келген қандастарымыз жерлерін заңдастыра бастады. Билік Қояндыдағы 170-ке жуық баспананы трактормен бұзбаймыз, мемлекеттік актілерін жасап береміз деген уәделерінде тұрды. Шетелден көшіп келген ағайын, телімдерінің құжаттарын ендігі жерде қалай реттеуіне болады, әкімдік қандай тәсілдер ұсынып отыр?  Астаналық әріптесіміз Гүлбану Әниятқызы біліп көрген еді. Астана іргесіндегі Қоянды ауылындағы 170-ке жуық үйді шеттен келген ағайын 2007 жылдары тұрғызған. Яғни, Қытай мен Моңғолиядан көшіп келген қандастарымыз «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігі арқылы 24 гектар телімді сатып алып, заңсыз баспана соққан. Алайда, содан бері үнсіз келген билік өткен жылы жер…

Read More

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясының басшысы болып уақытша Айдар Әріпханов тағайындалды. Ол осыған дейін басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды «31 арна». Мұндай шешім «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында қабылданды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, Айдар Әріпханов 1974 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын үздік деген бағамен аяқтаған. 1996-2004 жылдар аралығында Айдар Әріпханов бақылаушы-тексеруші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма басшысы, ҚР Қаржы министрлігінің департамент директорының орынбасары. 2004-2006 жылы ҚР қаржы вице-министрі, 2006 жылы Айдар Әріпханов ҚР премьер-министрінің кеңсе басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2006 жыл мен 2007 жылдары…

Read More