Автор: admin

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі, ханзада Сауд әл-Фейсал. Сауд Арабиясы Ресей президенті Владимир Путинді екіжүзділік танытты деп айыптады- деп хабарлайды аззаттық . Reuters агенттігінің хабарлауынша, 29 наурызда Египеттің Шарм әл-Шейх қаласында өткен Араб лигасы елдері саммитінде Путиннің жолдауы оқылған. Бұдан соң Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі, ханзада Сауд әл-Фейсал «Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп, тұрақсыздықты күшейте түскен Путиннің Таяу Шығысқа қолдау көрсетуі қажет емес» деген. Сауд әл-Фейсал «Путин тап бір Таяу Шығыстағы проблемаларға Ресейдің ықпалы жоқтай сөйлейді» деген. Путин жолдауында «Біз араб елдерінің жарқын болашаққа және араб әлемі тап болған проблемаларды сырттан килігусіз бейбіт жолмен шешуге ұмтылысын қолдаймыз» делінген.…

Read More

Ә У Л И Е*                  Болбырасаң суға тиген қайыстай                                                Жә болмаса жабағыдай ұйыссаң Өсіп кетсең кеудең ісіп талыстай Ізгіліктен үзе қалсаң құйысқан Әулиеге қыста бар… Қиыршық тас,қасат қар бетті тіліп Жынды боран жұлқылап аласұрып Тұла бойға сумаңдап суық кіріп Табаныңнан бүр кетіп желмен ығып Ықтарсың кеп жалғыз түп қарағанды Бүріскеннен басқа не шара қалды Сол сәтіңде тәубеңе бір келерсің Ширығарсың, бейкүнә күйге енерсің                  Шөккендейсің кей кездері пәс тартып                                                Бір бей-жайлық иектесе бойыңды                                                Айнып қалсаң алған беттен бас тартып                                                Тарыдайын шашып алсаң ойыңды                                                Әулие бар- көктемде Алтын нұрға бусанып бөктер-белі Көкірегіңді кеңейтіп көктем желі Көкпегінен…

Read More

Өткен аптада Қытайда тұратын қандасымыз, әнші Арай АЙДАРХАН Алматыға келді.  Бұл қай Арай десеңіз, Күншығыс елінің Сhinese idol («Қытай тыңдап тұр») музыкалық байқауында ақтық сынға дейін жетіп, күллі Қытайдағы 6 үздік орындаушының қатарына кірген әнші. Тек бұл жобадан өзге бүкілқытайлық бірнеше байқауға қатысып, алғашқы бестіктің ішіне де енген. Өнерімен, талантымен миллиард тыңдарманды тәнті еткен әнші «Қала мен Дала» газетіне арнайы сұхбат берді. – Арай алдымен өзің жайлы білгіміз келеді? – Қытайдың Алтай аймағында өмірге келдік. 1990 жылғымын. Әсілі, сексенінші жылдың аяғында туғам, бірақ тізімделіп болғанша, 90-шы жыл да тақап қалған ғой (күліп). Әкем Айдархан Қабдолла Қытайдағы атақты палуан. Үйде 4…

Read More