Жер жүзін велосипедпен шарлап жүрген қазақстандық Мағжан Сағымбаев Наурыз мейрамын Қытайда қарсы алды. Ол үш құрлыққа саяхаты туралы Азаттыққа айтып берді. Cаяхатшы Мағжан Сағымбаев велосипедінің жанында отыр. Мағжан Сағымбаевтың әлемдік велосаяхаты Руслан МЕДЕЛБЕК 27 жастағы Мағжан Сағымбаев велосипедпен 2014 жылы 1 мамырда 28 мың километрлік жолға шығып, Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка және Австралияға Bike The Earth деп аталатын саяхатын бастаған. «ЖИЫРМА ЕЛДІ АРАЛАП ШЫҚТЫМ» Мағжан Сағымбаев велосипедімен Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан арқылы Иранға өтіп, кейін Еуропаға жеткен. Еуропадан Америкаға ұшақпен жеткен Мағжан Сағымбаев қос Американы велосипедпен аралап шыққан.Саяхатшы сапар алдында тек Солтүстік Американы аралауды жоспарлаған екен. Кейін жоспары өзгеріп, Оңтүстік…
Автор: admin
Диас Бейсенбек Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Н.Ә. Назарбаев Мойындау керек, қазақ ұлты кезінде жіберілген тарихи қателіктері жөнінде сөз қозғауды аса ұнатпайды. Өлтіре сынағанымызбен, әлі күнге дейін «өткенге салауат, келешекке аманат» айта алмай келе жатқан жайымыз бар. Бір жағынан, қателіктерімізді айту арқылы «әлемдегі ең ерекше, ең ұлы халық» дәрежесін түсіріп аламыз деген қорқыныш бар. Хан-батырларымызды, қайраткерлерімізді дәріптеумен бірге, қағыс қадамдарын көрсетуге уақыт жеткен жоқ па? Қараңғылық пен отарлық езгінің санамызды айырып, тіпті тәуелсіздікке деген ұмтылысымызды тартып алғанына назар аудару керек. Қателік деп отырғаным тым турашыл болып көрінгенімен, бұл пікірді ішімнен шығармадым, бұл қазақ басылымдарында ара-арасында көтеріліп тұратын мәселелер, соларды…
Наурыз мерекесі 9 күн тойлануы тиіс! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға сапары барысында мұндағы жұртшылықтың ұлыстың ұлы күнін атап өту үрдісіне риза болып, осындай бастама көтерді деп хабарлайдыКТК арнасы. “Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында осы сіздердің өңірде 9 күнге 9 атау беріп, әр күнді әз-Наурызға тән ізгі істерменен құптарлық бастама. Бұл барлық жерлерге таратуға жарайтын мәселе”, – деді Назарбаев. Шымкенттегі Наурыз алаңында елбасы 4 мың студентпен бірге мерекелік шараны тамашалады. Ондағы қойылымдар халықтар достығы мен бейбітшілік жайында болды. Оңтүстік жұртшылығы алдағы сайлауда осы құндылықтар үшін дауыс беретіндерін білдірді. Қазір мұнда ел халқының 17 пайызы шоғырланған. Сондай-ақ еліміздегі ең ірі жылыжайлардың бірінде болған…

