Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі — Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі «Наурыз» мейрамын атап өтті. Мерекеге орай, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылған қонақасы өтті-деп хабарлайды СІМ баспа сөз қызметі. Мерекелік іс-шараға Аустрия сыртқы саяси мекемесінің және дипломатиялық корпусының өкілдері, Вена қаласында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, Аустрияда оқып жатқан қазақстандық студенттер, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Қазақстанның Аустриядағы Елшісі – Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай қонақтар алдында сөз сөйлеп, жоғарғы деңгейдегі достастық қатынастың арқасында мүмкін болған қазақстан-аустрия байланыстарының серпінді дамуын, Қазақстан мен Аустрия астаналарында орналасқан халықаралық ұйымдардың өзара ықпалдастығының жоғарғы деңгейін атап өтті. Қазақстан Орталық…
Автор: admin
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі, ханзада Сауд әл-Фейсал. Сауд Арабиясы Ресей президенті Владимир Путинді екіжүзділік танытты деп айыптады- деп хабарлайды аззаттық . Reuters агенттігінің хабарлауынша, 29 наурызда Египеттің Шарм әл-Шейх қаласында өткен Араб лигасы елдері саммитінде Путиннің жолдауы оқылған. Бұдан соң Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі, ханзада Сауд әл-Фейсал «Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп, тұрақсыздықты күшейте түскен Путиннің Таяу Шығысқа қолдау көрсетуі қажет емес» деген. Сауд әл-Фейсал «Путин тап бір Таяу Шығыстағы проблемаларға Ресейдің ықпалы жоқтай сөйлейді» деген. Путин жолдауында «Біз араб елдерінің жарқын болашаққа және араб әлемі тап болған проблемаларды сырттан килігусіз бейбіт жолмен шешуге ұмтылысын қолдаймыз» делінген.…
Ә У Л И Е* Болбырасаң суға тиген қайыстай Жә болмаса жабағыдай ұйыссаң Өсіп кетсең кеудең ісіп талыстай Ізгіліктен үзе қалсаң құйысқан Әулиеге қыста бар… Қиыршық тас,қасат қар бетті тіліп Жынды боран жұлқылап аласұрып Тұла бойға сумаңдап суық кіріп Табаныңнан бүр кетіп желмен ығып Ықтарсың кеп жалғыз түп қарағанды Бүріскеннен басқа не шара қалды Сол сәтіңде тәубеңе бір келерсің Ширығарсың, бейкүнә күйге енерсің Шөккендейсің кей кездері пәс тартып Бір бей-жайлық иектесе бойыңды Айнып қалсаң алған беттен бас тартып Тарыдайын шашып алсаң ойыңды Әулие бар- көктемде Алтын нұрға бусанып бөктер-белі Көкірегіңді кеңейтіп көктем желі Көкпегінен…

