Автор: admin

Наурыз мерекесі 9 күн тойлануы тиіс! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға сапары барысында мұндағы жұртшылықтың ұлыстың ұлы күнін атап өту үрдісіне риза болып, осындай бастама көтерді деп хабарлайдыКТК арнасы. “Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында осы сіздердің өңірде 9 күнге 9 атау беріп, әр күнді әз-Наурызға тән ізгі істерменен құптарлық бастама. Бұл барлық жерлерге таратуға жарайтын мәселе”, – деді Назарбаев. Шымкенттегі Наурыз алаңында елбасы 4 мың студентпен бірге мерекелік шараны тамашалады. Ондағы қойылымдар халықтар достығы мен бейбітшілік жайында болды. Оңтүстік жұртшылығы алдағы сайлауда осы құндылықтар үшін дауыс беретіндерін білдірді. Қазір мұнда ел халқының 17 пайызы шоғырланған. Сондай-ақ еліміздегі ең ірі жылыжайлардың бірінде болған…

Read More

Футболдан Қазақстан құрамасы Евро-2016 жылғы чемпионаты іріктеуіндегі кезекті матчын Астанада өткізді. Матчтың бірінші таймында Қазақстан қарсыластар қақпасына төрт соққы, Исландия сегіз соққы жасап үлгерген. Өкінішке орай, біздің жігіттердің соққысы нәтиже берген жоқ. Ал қарсыластарымыз екі мәрте Сидельников қорғаған қақпадан саңылау тапты. 20-минутта 36 жастағы «Барселона» мен «Челсиде» ойнаған Эйдур Гудионсен қорғаушылардың қателігін пайдаланып, Сидельниковке жақындай келе оң қапталға шірене тепкен. Біздің қақпашы Гудионсен тепкен доптың бағытын анықтаған, бірақ үлгермеді. 32-минутта Биркир Бьярнасон командаласы тастаған айып добын сәтті пайдаланып, есепті еселеп кетті. 55-минутта Красножан Азат Нұрғалиевтің орнына Ұлан Қонысбаевты шығарып, тактикалық өзгеріс енгізуді ойлаған. Қазақстан есепті қысқартуға барын салған. 62-минутта Бауыржан Исламхан шығарған…

Read More

2015 жылдың 24 наурызында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғылымның ғажайып әлемі» тақырыбында V «Наурыз кездесулері» іс-шарасының ресми ашылуы өтті. Жыл сайынғы Наурыз кездесуіне қатысушыларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады. Дәстүрлі ғылыми кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 160-тан астам оқушысы, сондай-ақ жалпы білім беру мектептеріндегі балалар қатысуда. Үстіміздегі жылы Наурыз кездесулері бесінші рет өткізіліп жатыр, бұл бүгінгі таңда балалардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтарының артуының айғағы. V Наурыз кездесуі төрт секцияға бөлініп жұмыс жасайды. Наурыз кездесулері шеңберінде өтетін барлық іс-шаралар, баяндамалар, секциялар мен көрмелер мектеп оқушылары алдында ғылымның жан-жақты әлемін толықтай ашуға бағытталған. Қазақстан, Ресей,…

Read More