Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»V «Наурыз кездесулері»
Жаңалықтар

V «Наурыз кездесулері»

28/03/20150

 

2015 жылдың 24 наурызында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғылымның ғажайып әлемі» тақырыбында V «Наурыз кездесулері» іс-шарасының ресми ашылуы өтті.

Жыл сайынғы Наурыз кездесуіне қатысушыларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады.

Дәстүрлі ғылыми кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 160-тан астам оқушысы, сондай-ақ жалпы білім беру мектептеріндегі балалар қатысуда.

Үстіміздегі жылы Наурыз кездесулері бесінші рет өткізіліп жатыр, бұл бүгінгі таңда балалардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтарының артуының айғағы.

V Наурыз кездесуі төрт секцияға бөлініп жұмыс жасайды. Наурыз кездесулері шеңберінде өтетін барлық іс-шаралар, баяндамалар, секциялар мен көрмелер мектеп оқушылары алдында ғылымның жан-жақты әлемін толықтай ашуға бағытталған.

Қазақстан, Ресей, ОАР, Германия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания және басқа да елдердің ғалымдары ғылымның жан-жақты шексіз әлемін балаларға таныстырады.

Іс-шарада физикадан эксперименттер, математикалық жұмбақтар, химиялық және биологиялық тәжірибелер көрініс табады. Мысалы, Ұлыбританиядан келген ғалым, оқытушы және тележүргізуші Эмили Гроссман биологиялық процестерді түсіндіре отырып, эксперимент өткізеді. Оңтүстік Кореялық дарынды балаларды дамыту бойынша сарапшы Ким Бёнг О өнертапқыштық ойлау туралы баяндама оқиды.

Сондай-ақ отандық ғалымдар да өз тәжірибелерімен бөліседі. Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері Айдар Сералин балалармен химия әлеміне саяхат жасаса, техникалық ғылымдар магистрі Бауржан Негметжанов балаларға тұқым қуалаушы аурулардың гендік терапиясы жайында сөз етпек. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары   дәрістер циклін дайындаса, Зияткерлік мектеп мұғалімдері робототехниканы  меңгеруге үйретеді.

«Ғылыми Эрмитаж» Наурыз кездесуінің жаңалығы болмақ. Эрмитаж мұражайындағы секілді бұл «Ғылыми Эрмитажда» жас дарындардың жобалық жұмыстары көрсетіледі.

2015 жылдың 26 наурызында V «Наурыз кездесулері» шарасының жабылу салтанатында «Ғылыми Эрмитаж» жеңімпаздары марапатталады. Сонымен бірге «Математика және шахмат» кітабының авторы, астаналық Әсия Утжанова, талдықорғандық жас ақын, 100-ден аса өлеңнің авторы  Дәулеткерей Құдайбергенов, энергияның жаңару көздері бойынша ғылыми конференцияның қатысушысы өскемендік Ілияс Бекпаев  оқушылар алдында өз табыстарымен бөліседі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШымкент қаласында жыл басы «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
Next Article ЕВРО-2016. ИСЛАНДИЯ ҚАЗАҚСТАН ҚАҚПАСЫНА ҮШ ГОЛ САЛДЫ

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.