Автор: admin

Алматыда белгілі қазақ диссиденті, жазушы Кәрішал Асанов 79 жасында қайтыс болды-хабарлайды азаттық. Қызы Қарлығаш Асанова әкесі наурыздың 26-сы күні кешке дүниеден өткенін хабарлады. Туыстарының айтуынша, Кәрішал Асанов соңғы кездері жүрегі ауырып, бір айдай бұрын ауруханада жатып шыққан. 1993 жылы Кәрішал Асановқа қуғындалған жазушыларға берілетін халықаралық Хеллман-Хэмметт (АҚШ) сыйлығы берілген. Ол бірнеше кітаптың авторы. Биыл Кәрішал Асанов Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар тағайындаған «Азаттық» сыйлығын иеленген. Кәрішал Асановты сенбі, наурыздың 28-і күні Алматыдағы Кеңсай зиратына жерлейді. Сұхбат Кәрішал Асан-Ата 14.09.2011 / kplustv https://youtu.be/fkMYTK-ewFs

Read More

«Музарт» тобының мүшесі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаев ұлды болды. Бұл жөнінде өзінің Instagram парақшасында Сәкен Майғазиев хабарлады. Ол жазбасында «Сүйінші, Қазақ елі! Алланың қалауымен Мархабат Мейрамбекке алтын асықтай ұл сыйлады» деген. Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев жары Мархабатпен 2004 жылы отау құрған болатын.

Read More

27 Наурыз 2015 Жапония жұртшылығы Хақ дінмен сусындауда Жапонияның ең көне мешітінде тегін саяхат қызметі іске қосылды. Экскурсия барысында Ислам дініне қызығушылық танытып, ден қойған туристер ислам жайлы толыққанды ақпарат алу мүмкіндігіне ие. OnIslam-ның мәлімдеуінше, жапондық екі азаматтың бастамасымен қолға алынған шара «Токио-джамии» мешітінде өткен жылдың сәуір айынан жұмыс істеуде. Мұнда мешіт меймандарына ислам дінін түсіндірумен қатар, намазға қатысуға да рұқсат етілген. Сириядағы ИШИР содырларының дін желеуімен түрлі әрекеттермен әлемді шулатқаны мешітке экскурсия жасаушы адамдар қарасы көбеюіне себеп болған. «Аталмыш жағдайдың салдарынан көптеген жапондықтар ислам діні жайлы білмекке мешітке көптеп келе бастады» дейді «Токио-джамии» мешітінің экскурсия жетекшісі Сигэру Симояма (Shigeru…

Read More